Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Гран-При жарысынан күміс жүлдемен оралды

Kazsport agent 2013 M10 1
183
0
0
0

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Гран-При жарысынан күміс медальмен оралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Беларусь...

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева
Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Гран-При жарысынан күміс медальмен оралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Беларусь астанасы Минск қаласында 20 елдің спортшыларының қатысуымен мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста жерлесіміз қоссайыс қорытындысында екінші орынға табан тіреді. 13 жасар Элизабет мұндай дүбірлі додаға бірінші рет қатысып отыр. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламада америкалық спортшыға жол беріп алды. Жарыс қорытындысы бойынша I орын Полина Эдмундске бұйырса (АҚШ), III орын Рика Хонгоның (Жапония) қанжығасында кетті.

Енді Элизабет Болгарияда болатын жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Элизабет Тұрсынбаева — 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер Мәскеу біріншілігінің (2013 ж.) және Төменгі Новгород облысы ашық біріншілігінің (2012 ж.) чемпионы, 2012 жылғы Ресей кубогының күміс жүлдегері.

   
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Жаңагүл Сердалы
 

Оцените пост

0
Дальше