Шегінерге жол жоқ, артымызда Бажалар!

GulZhan Zhumagalieva October 7, 2013
3311
1
5
0

Отандық телехикаялардың қатары жақында тағы бір жаңа туындымен толығатын болды...

Отандық телехикаялардың қатары жақында тағы бір жаңа туындымен толығатын болды. «B.A.S. production» шығармашылық тобының  қолға алған «Бажалар» атты комедиялық жанрдағы телехикаясын жуырда көретін боламыз.

Бажа – туыстық атауға жататын ұғым. Нақтырақ айтсақ, апалы-сіңлілі немесе туысқан қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне бажа болады. Бажалар арасында өзара туыстық байланыс болмаса да, кез келген отбасында ерекше ықыласқа бөленеді. Олардың өз қыр-сырлары, ешкімге айтылмайтын құпиялары, оған қоса тек өздеріне тән әзіл-қалжыңы бар. Назарларыңызға ұсынылатын жаңа топтама үш бажа, үш достың хикаялары жайлы болмақ.

Қазақы көрермендердің жанына жақын болатын бұл телехикаяның ерекшелігі - қарапайым  отбасына бажалардың келуі. Олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастардың жаңа қырларын ашуға себеп болатын қызықты оқиғалар, жарасымды әзілдермен таңғалдырып қана қоймай, белгілі бір тұрмыстық мәселелердің шешілу жолдарын шынайы күлкі сыйлай отырып, бізге жеткізетін болады.

Бұл жаңа ситкомды  «B.A.S. production» шығармашылық тобы ұсынады.

Жоба және сценарий авторлары: Марат Оралғазин, Рүстем Омаров, Асқар Бисембин.

Продюсер –  Ақылбек Досжанов.

Шығармашылық топтың  мүшелері комедия жанрына тән бірнеше  туындыларды дүниеге әкеліп үлгерді. Олар «ВУЗеры», «Айналайын», «Үй болу қиын» сериалдары, сондай-ақ «Мәссаған», «Ду Қол Шоколад», «Большая Разница –Казахстан» секілді әзілге толы шоу-бағдарламаларын жасады.  Сонымен қатар, айта кететін нәрсе, бұл шығармашылық топ тек өз еліміз ғана емес, оған  қоса ресейлік  «Шесть кадров»«Папины дочки», «Игрушки», «Счастливы вместе», «Развод по-русски» сияқты белгілі сериалдардың сценариін  жазуымен де айналысқан.

«Бажалар» телехикаясының басты рөлдерінде: Қадырғазы Қуандықов, Райхан Қалиолдина, Айнұр Ильясова, Ербол Садырбаев, Дана Тұрарбек, Қуаныш Тұрдалин,  Алия Телебарисова, Қуаныш Керімқұлов және т.б.

Режиссер Асқар Бисембиннің айтуынша, комедиялық жанрға құрылған жобаларды көрерменге жеткізу оңай емес. Дегенмен бұл менің режиссер ретіндегі алғашқы туындым болғандықтан көрерменнің көңілінен шығуына барынша тырысып жатырмын.

Екі жыл New York Film Academy-де  білімін шыңдап келген Асқар Бисембин жобаға Лос-Анжелестен  арнайы  қоюшы-оператор Гонзало Дидженионы шақырды.

Гонзало Дидженионың қоржынында бірнеше фильмдер мен қысқа метражды туындылары бар. Солардың қатарында «The Edge», «Napkins», «A Difficult Thank You», «Black and Shinny Things»«When the Wolf Calls» (feature) және т.б.

Он алты бөлімнен тұратын  «Бажалар» телехикаясының тұсаукесері қазан айының соңына қарай «Ел арна» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда.

Оцените пост

5

Комментарии

1
Интервью бергенде бір актер бажалар туралы анекдот айтқан.
"- Ажырасайын десем, бажамды қимаймын")))
Показать комментарии