«Қазақтелекомда» кадрлық саясатты іске асыру және HR-жобаларды дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті

Ваш Казахтелеком 2013 M10 1
770
1
0
0

2013 жылғы 26-27 қыркүйекте «Қазақтелеком» АҚ бас директорлардың орынбасарлары – компанияның әкімшілік директорларының, іс басқарушыларының қатысуымен «Өзгерістерді басқару, филиалдар деңгейінде...

2013 жылғы 26-27 қыркүйекте «Қазақтелеком» АҚ бас директорлардың орынбасарлары – компанияның әкімшілік директорларының, іс басқарушыларының қатысуымен «Өзгерістерді басқару, филиалдар деңгейінде жаңа технологиялар енгізу және оларды іске асыру» тақырыбына арналған семинар деңгейінде семинар өткізді.

Семинар өзгерістерді басқару дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған HR-жобаларын іске асыру және оларды дамыту, көшбасшылықты дамыту, персонал қызметінің тиімділігін бағалау және «Қазақтелеком» қызметкерлеріне аттестация жүргізу мәселелеріне арналды.

Бағдарлама аясында персонал қызметінің тиімділігі жүйесінің мақсаттарын анықтау және семинарға қатысушыларды жоспарлы аттестацияның тест сауалдарын жасау жөніндегі бағдарламалық жасақтамамен таныстыру жөніндегі тәжірибелік сабақтарға көбірек басымдық берілді.

«Өзгерістерді басқару» тақырыбына арналған тренингке қатысушылар өзгерістерді басқару жүйесінің қағидаларымен, персоналды басқару саласындағы технологиялармен, қатысушылар күнделікті қызметтерінде пайдалана алатын психологиялық тест сауалдарымен таныстырылды.

Семинар аясында сондай-ақ, компанияның HR- менеджментін дамыту, тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пайдалы іскерлік диалог өтті.

 

Оцените пост

0

Комментарии

0
Компанияның негізгі күші- оның қызметкерлері дегенді оқығанмын. Қазақтелеком өз қызметкерлеріне көп көңіл бөледі екен. Аттестация да мамандардың біліктілігін арттырады.
Показать комментарии