Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:06, 30 сентября 2013

«Отар» 40-әскери базасында жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас офицерлермен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Blog post imageОфицерлердің бұл санаты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне, сондай-ақ ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысына және ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасына тікелей бағынысты бөлімдерге таратылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері биыл Қазақстанның, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының жоғары оқу орнын бітірген 70-тен астам түлектермен толықты.

Он күн бойы жиын жетекшілері басшылық құжаттардың негізгі талаптарын жеткізу жөніндегі жұмысты жүргізді. Лейтенанттар негізгі оқу пәндері бойынша сынақтар тапсырды. Олардың атыс, дене даярлығы, арнайы, техникалық, саптық даярлық пәндері және жалпы әскери жарғылар бойынша білімдері бағаланды.

Сондай-ақ жиын барысында мәдени-демалыс жұмыстары белсенді жүргізілді – әскери бөлімдер көркемөнерпаздары концерттер қойып, жас офицерлерге оқу-әдістемелік фильмдер көрсетілді және спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылығы мен жиын әкімшілігі жас офицерлердің назарын олардың әрқайсысының кәсіптік даярлығының негізі өздігінен дарлану болып табылатындығын және әрі қарайғы қызметте ұмтылу қажет мақсаттардың бар екендігіне аударды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
718
0