Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:19, 27 сентября 2013

Қазақстан мен Түркия әскери-теңіз күштері: ынтымақтастық перспективасы

Blog post imageҚазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияның Стамбул қаласында орналасқан әскери-теңіз училищесінде болды. 23-27 қыркүйек аралығында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркияда ресми сапармен жүргендігін еске саламыз.

- Шетелде қазақстандық әскери мамандарды курсанттар мен офицерлерді даярлауда Түркия әскери оқу орындары маңызды орын алады. Түркия әскери оқу орындарында мамандар даярлау әлемдік стандарттарға сай келеді, демек біздің Қарулы Күштерді кәсібилендіру үрдісіне елеулі септігін тигізеді. Біз үшін бұл бағытта сіздердің училищеде біздің курсанттарды оқыту өзекті болып саналады,-деді ҚР Қорғаныс министрі Түркия әскери-теңіз училищесінің бастығымен кездесуі кезінде.
Аталған оқу орны әскери-теңіз флотына мамандар әзірлеуді жүзеге асырады. Қазіргі таңда мұнда 14 қазақстандық курсант: дизельді және дизельді-электрлі  энергетикалық қондырғылар, кеме жүргізу және техникалық құралдарды навигациялау мен байланыс жабдықтарын пайдалану мамандықтары бойынша білім алуда. Училищенің басшылары біздің курсанттардың оқу үлгерімдерінің жақсы екендіктерін және келешекте ынтымақтастықтың кеңейе түсетіндігіне сенімдерін білдірді.
Курсанттармен кездесу кезінде Әділбек Жақсыбеков оқу процесіне және тұрмыс жағдайларына көңіл аударды: «Бүгін сіздер үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық жағдайлар жасады. Сіздер әлемдегі ең беделді әскери жоғары оқу орнында білім алудасыздыр. Біздің армия техникалық жағынан жетілдірілуде. Біз жауынгерлік даярлық жүйесін жоғары сатыға көтерудеміз. Сіздердің училищеде алған білімдеріңіз тәжірибе жүзінде іске асатындығына мен сенемін. Сіздер біздің армиямызды кәсібилендірудің бастауысыздар. Ал бұл процессті жүзеге асыру көбіне-көп жоғары дәрежелі мамандарға байланысты». Қорғаныс министрі курсанттардың оқуларына табыс тіледі.
Курсанттар қазақстандық әскери делегацияны училищемен таныстырды. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан мен Түркия Әскери-теңіз күштерінің перспективалық ынтымақтастығының шеңберінде әлемдегі ең ірі «RMK Marine» кеме құрастыру верфінің («Коч» холдингі) жұмысымен танысты. Кәсіпорын ұзындығы 180 метрге және су ығыстырғыштығы 50 мың тоннаға дейінгі азаматтық және әскери мақсаттағы кемелер жасайды. Бұдан басқа, ұзындығы 80 метрге дейінгі яхталар және композиттік материалдардан жасалатын ұзындығы 40 метрге дейінгі суперяхталар шығарады.
«RMK Marine» навигациялық жүйесі бар кеме құрастырған Түркиядағы бірінші кеме жасау верфі болып табылады және 95 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Түрік тарапы компания менеджментімен келіссөздер барысында қорғаныс өнеркәсібі саласында екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты.
Кеме жасау зауытын аралап көрген ҚР Қорғаныс министрі отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту Қазақстан Қорғаныс министрлігі басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
– Біз өзара тиімді негізде конструктивті және әріптстік өзара іс-қимылға әзірміз. Қазақстан Әскери-теңіз күштері өзімізде шығарылған екі жаңа зымыран-артиллериялық кемемен жарақтандырылды.
Кеме жасау зауытының аумағында «Коч» холдингі қазақстандық делегацияны қорғаныс өнеркәсібіндегі «ОТОКАR» ірі түрік компаниясының жауынгерлік машиналарымен таныстырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «ОТОКАR» шығарған «Кобра» жауынгерлік машиналарымен жарақтандырылатын болады. Сонымен бірге қазақстандық әскерилердің айтуынша, бүгінгі таңда бұл техника әскерлерімізде табысты пайдаланылып жүр.
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
0
458
0