место в рейтинге
  • 20313
  • 7
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Еуропаның алтын стандартына сай операция жасайтын хирург бізде де бар

Ерболатов Нұрлан Құмарбекұлын Атырау тұрғындары жақсы біледі. «Медикер-Атырау» медициналық орталығында қызмет ететін ол – есімі ел аузына іліккен тәжірибелі хирург. Оташының шипалы емі мен дәрігерлік біліктілігін тек емделушілер ғана емес, әріптестері де айтып мақтанады. Нұрлан Құмарбекұлы асқазанға, өт жолына, бүйрекке жасалатын операцияларды кеңінен меңгерген. Алайда ол өз ісіне әбден машықтанып, біліктілігін арттыру мақсатында үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сол ізденістің нәтижесі де бар. Жуық арада хирург бұрын соңды жасамаған операциясының бір түрін сәтті орындап шықты. Солардың бірі Еуропаның алтын стандарты болып табылатын – Мармар отасы. Ол ер адамдардың жыныстық мүшесінің қан-тамырлары кеңейген уақытта пайда болатын ауытқу – вирокоцелені емдеу үшін жасалатын хирургиялық ота түрі. Ота жасалды, науқас жаңа тыныс алды. Хирург пластикалық отаның да қыр-сырын меңгеруді көздеген. Жуырда ғана жасөспірім баланың жыныстық мүшесіне пластикалық ота жасалды. Баланың жыныстық мүшесінің дамуында ауытқу пайда болып, өспей қалған. Шебер хирургиялық операция арқасында ер баланың ахуалы түзеліп, болашағына деген сенімі молайды.

Осылайша Нұрлан Құмарбекұлы, аймақтың хирургия саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Бұл – Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін де үлкен жетістік. Біз болсақ, ота жасау ісінің шебері атанған маманды қызметінің қыр-сырымен бөлісуге шақырып, әңгімеге тарттық.

ЕРБОЛАТОВ Нұрлан Құмарбекұлы, көп салалы «Медикер-Атырау» медициналық орталығының жоғары санатты хирургі:

Медициналық қызмет сапалы болуы шартты

Нұрлан Құмарбекұлы, «Медикер-Атырау» орталығының ашылғанына екі жылдан асты. Медициналық мекеменің халыққа, соның ішінде мұнайшыларға көрсетіп жатқан қызметіне хирургиялық ота жасау да кірген. Өзіңіз бастаған осы үлкен істің қалай бастау алып, өрбіп жатқаны жайлы айтып берсеңіз?

- «Медикер-Атырау» медициналық орталығы хирургиялық ота жасау қызметін осыдан бір жарым жыл бұрын енгізді. Сол уақыттан бері осы іске жұмыла кірісіп, жұмысты бір жолға қойдық. Медициналық орталық болған соң, мұнда көрсетілетін қызмет аясы да кең, мүмкіндігі де барынша көп болуы қажет. Себебі қай жерде болмасын, қай уақытта болмасын медициналық қызметтің сапалы болуы ең басты шарты болды, бұл мәселе ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайды да. Сондықтан «Медикер» компаниясы өз клиенттері мен жалпы халыққа көрсетіп жатқан қызметін жылдан-жылға жақсартып, дамытуға тырысады.

Нұрлан Құмарбекұлы, «Медикер-Атырау» орталығы Атырауда хирургиялық оталарды ең көп жасайтын медициналық мекеме екені рас па?

- Ол рас. Атырау бойынша операцияларды ең көп жасайтын біз. Орталық ашылғалы бері бас-аяғы 280 ота жасалды. Оның ішінде соқыр ішектен бастап, асқазан, өт жолына, бүйрекке жасалатын отаның барлығы бар.

Жасалатын оталардың ерекше түрі қайсысы?

- Бізде өте сирек кездесетін микроскопиялық Мармар отасы жасалады. Бұл операцияның осы күнге дейін  20-шақтысын сәтті орындадық. Ота варикоцеле ауруын емдеу үшін жасалады (варикоцеле- ер адамдарда кездесетін урологиялық ауытқу). Микроскопиялық Мармара операциясы Еуропада варикоцелені емдеудің алтын стандарты болып танылған. Медицина саласы дамыған қарт құрылықтың тәжірибесі бізге де енгізілгені біз үшін мақтан тұтарлық жайт. «Медикер-Атырау» орталығында одан басқа пластикалық операцияларды да жасаймыз. Бұл да біздің бір ерекшелігіміз.

Тәжірибеге ден қойған екенсіз, ғылым да тасада қалмаған шығар?

- Дәрігер тәжірибені де, ғылымды да қоса алып жүруге міндетті. Онсыз болмайды. Өзім мақалалар жазып, ғылыми басылымдарға жиі шығып тұрамын. Ғаламторда да жарық көрген жұмыстарым аз емес.

Сіздің есіміңіз тек «Медикер» компаниясында сақтандыру желісі арқылы қызмет көрсетілетін мұнайшылар арасында ғана емес, Атырау облысының қарапайым тұрғындары арасына да танымал. «Медикер» компаниясы атына сізге алғыс білдіріп жолдап жатқан хаттары мол екен. Дәрігер еңбегінің ақталып жатқанының нағыз белгісі осы шығар?

- Менің алдыма «Медикер» компаниясының сақтандыру желісі арқылы келетіндер де, мен жайлы естіп, арнайы іздеп келіп жататын науқастар да бар. Егер осыдан екі-үш жыл бұрын емделушілер Ресейдің Астрахань, Волгоград қалаларына барып, немесе Алматы мен Астанаға барып емделген болса, бүгінгі таңда өзіміздің клиенттер де, жалпы атыраулықтар да осы «Медикер-Атырау» орталығына сеніп, қызмет түрлерін осы жерден алатын болды. Жалпы сақтандырылған емделушілеріміз де, жергілікті тұрғындар да біздің атқарып жатқан жұмысымызға нұсқан келтірген емес. Онысын келіп те айтып жатады, жергілікті газет-журналдарға да басады. Оған біз де қуанып, риза болып қалатынымызды жасырмаймын.

Нұрлан Құмарбекұлы, еміңіз шипа, қолыңыз жеңіл болсын. Сұхбатыңызға рахмет.

Айсамал Әбілхан

«Медикер» медициналық компаниясы

Анықтама:

Ерболатов Нұрлан Құмарбекұлы 30 маусым 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. 1983-жылы Семей Мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі факультетін тәмандаған.  1984-1994 жж. Тарбағатай ауданының орталық ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1994-2001 жж. аралығында Шығыс Қазақстан облысының балалар ауруханасында оташы болып жұмыс істеді. 2001-2011 жж. аралығында Павлодар облыстық ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Медикер-Атырау» медициналық орталығының оташысы болып қызмет етіп келеді. Балалар және ересектер хирургиясы бойынша жоғары аттестациялық дәрежеге ие. Әр жылдары Павлодар мен Өскеменнің жекеменшік клиникаларында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған. Павлодардағы дәрігерлердің кәсібилігін шыңдау факультетінде сабақ берген. Қазақстан (Алматы Мемлекеттік Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, педиатрия және балалар хирургиясы Ұлттық орталығы) мен Ресейдің (Мәскеу, СПБ, Барнаул) жетекші клиникаларында мамандығын шыңдаған.  Лапароскопиялық хирургия бойынша халықаралық мастер класстарының қатысушысы.

Қызметінің негізгі бағыттары: балалар мен ересектердің абдоминалдық хирургиясы, лапароскопиялық хирургия, колопроктология, эндокриндік хирургия, реконструктивті урология, нәрестелер хирургиясы. Қазақстан Республикасының екі инновациялық патенті бар, интернет сайттарда 50 шақты басылымдары жарық көрген, ҚР мен РФ ғылыми басылымдарында 20 жұмысы жарияланды.

2007 ж. – «Жылдың үздік хирургі»

2008 ж. – «Жылдың үздік дәрігері»

http://www.mediker.kz/rus/news/?cid=0&rid=306

 
Mediker KAZ Mediker
Медицинская сервисная компания \\\\\\\\"Медикер\\\\\\\\" www.mediker.kz
27 сентября 2013, 16:33
521

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
вчера / 8:18
  • 4978
  • 7
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2625
  • 41
Как и где найти дешевые авиабилеты?

Как и где найти дешевые авиабилеты?

Дешевые авиабилеты и не только. Какими сайтами воспользоваться лучше всего? Байки о том, что чем раньше вы покупаете билет, тем дешевле, не всегда верны и точны.
dianaobyrne
вчера / 9:25
  • 2161
  • 15
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 2031
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1964
  • 36