Әйгерім Ошақбай бокстан Әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласын нокаутпен ұтты

Kazsport agent 2013 M09 26
240
0
0
0

Әйгерім Ошақбай бокстан Әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласын нокаутпен ұтты Edit This Post Әйгерім Ошақбай Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы...

Әйгерім Ошақбай
Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше қазақстандық Әйгерім Ошақбай (52 кг) 1/8 финалда беларусь Карина Максимованы 1-раундта нокаутпен ұтты.
 

Ал Асыл Асқарова (48 кг), итальяндық Ванесса Ферликті, Ангелина Лукас (50 кг) грекиялық Фотеини Плеаны, Алтын Мұқышбекова (75 кг) түркиялық Аслихан Сивриді, Екатерина Анисимова (60 кг) өзбекстандық Мафтунахон Мелиеваны 3:0 есебімен, ал Ақмарал Шәмшидинова украиналық Анастасия Космиракты 2:1есебімен ұтты. Жастар арасындағы сында Алуа Балқыбекова (48 кг) моңғолиялық Жаргалан Оширбатты, Ақтолқын Кеңесбекова (57 кг) АІВА ұсынған Неелам Сайниді, Мәдина Нұршаева (64 кг) әзірбайжандық Мариам Жабрайылованы, Валентина Халзова (75 кг) германиялық Ендале Маки Оливианы 3:0 есебімен тізе бүктірді.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы

Оцените пост

0