Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:21, 25 сентября 2013

ҰҚШҰ Ұжымдық ден қою күштері: қазақстандық десантшылар жүктелген тапсырмаларды абыроймен орындады

Blog post imageБүгін Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің «Осиповический» полигонында ҰҚШҰ Ұжымдық ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2013» бірлескен оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі аяқталды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бірінің аумағына шартты түрде кіріп кеткен заңсыз қаруланған құрылымдарды жою бойынша мұқият жоспарланып, жүргізілген операциялар бірлескен оқу-жаттығудың қорытындысы болды.

Бөлімшелердің бірлескен қимылдарын ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі Юрий Жадобин және басқа да ресми тұлғалар бақылады. Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамы атынан ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов және ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев болды.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің жедел топтары мен әскери контингенттері қатысты. Жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 600 адамнан асады. Қазақстандық бөлімше саны жағынан беларустардан кейінгі екінші орында тұр. Оқу-жаттығуа қатысу үшін Беларусь жеріне 130-дан астам қзақстандық десантшы келді.

Қазақстандық контингентке жалпы басшылық жасау мен десантты-шабуылдаушы бригада офицерлеріне ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің штабынан бұйрықтарды жеткізуді Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Талғат Исмаилов жүргізді.

ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерін белгіленген жауапкершілік аумағында қолдану бойынша арнайы операцияларды жүргізу барысында Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері Армения, Беларусь және Ресей қарулы күштерінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, атыспен тосқауыл қоюды ұйымдастырып, шабуыл жасады, содырларды тұтқындау жүргізді.

Қазақстандық десантышлар оқу-жаттығудың жоспары бойынша заңсыз қаруланған құрылым өкілдері басып алған Бобруйск әскери аэродромындағы тактикалық эпизодтарға қатысты. Белгіленген шепті сәтті қоршауға ала отырып, объектіге шабуыл жасаған қазақстандық десантты-шабуылдаушы рота ҰҚШҰ Жедел ден қою күштері қолбасшылығының жоғары бағасын алды.

«Осиповический» полигонындағы операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық десантшы-жауынгерлер өзге бөлімшелермен бірлесе отырып, жауынгерлік үйлесімділік процесіндегідей нақты әрі жедел қимылдай алды. Олардың тапсырмаларына содырлар тобын іздестіру және тұтқынға алу кірді.

Арнайы операцияларды мұқият жоспарлау, бөлімшелердің сауатты іс-қимылының арқасында жаттығу мазмұнына сәйкес ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағына кіріп кеткен экстремистік топтың жолы кесілді. Оқу-жаттығудың сәтті өтуіне қосқан әрбір контингенттің, оның ішінде қазақстандық әскери бөлімшенің үлесі де ҰҚШҰ Жедел ден қою күштері басшылығы атынан жоғары бағаланды.

– «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуы әр контингенттің жауынгерлік дайындық деңгейінің артқанын көрсетіп берді, - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов. – Қазақстандық бөлімше өздеріне қойылған тапсырмаларды абыроймен және жоғары деңгейде орындап шықты.

Әскерлердің тәжірибелік іс-қимылдарынан соң оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша бірнеше әскери қызметші Беларусь Республикасы Қорғаныс министрінің және басқа да контингенттердің басшыларының қолынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар алды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
250
0