• 422245
  • 24
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әділбек Жақсыбеков: Түркиямен әскери-техникалық өзара іс-қимыл қазақстан-түрік қорғаныс ынтымақтастығын дамытудың басты бағыттарының бірі

Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Түрік Республикасына ресми сапары жалғасуда. Бүгін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Стамбулға келді. Осының қарсаңында Министр Түркия Қарулы Күштері Бас штабының бастығымен және Түркия Ұлттық Қорғаныс министрімен кездескен болатын. Анкарадағы ресми кездесулерден соң Әділбек Жақсыбеков Түркияның қорғаныс-өнеркәсібі кешендерімен танысты.
Түркияның әскери электронды өнеркәсібін осы елдегі жетекші қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының бірі «Аселсан» компаниясы ұсынып келеді. Компания басшылығымен кездескен ҚР Қорғаныс министрі осы жылдың аяғында Астанада ашылуы жоспарланып отырған «Қазақстан Аселсан инжиниринг» қазақстан-түрік қорғаныс өнеркәсібі зауытын одан әрі дамыту мен жүзеге асыру барысының болашағын талқылады.
Жоба атыс қаруларының оптикалық көздеу, түнде көру құрылғылары және тепловизорлар өндірісіне бағытталған. Бірлескен кәсіпорынның ерекшелігі барлық технологиялық процесс толық көлемде өндірілетін болады, оның ішінде электронды баспа платаларын өндіру, бағдарламалық әзірлеуді қамтамасыз ету, оптикалық линзаларды жасау, сондай-ақ соңғы өнімдерді тестілеу қарастырылған.
«Аселсан» Директорлар кеңесінің төрағасы Неджеметдин Байқұлмен кездесуінде Әділбек Жақсыбеков:
– Аталған ынтымақтастық Қазақстан мен Түркия үшін өзара тиімді болып отыр. Сіздердің кәсіпорындарыңыз әлемдегі ең ірі қорғаныс компанияларының қатарына кіреді. Бірлескен зауытты ашу біздің отандық қорғаныс-өнеркәсібін дамытуға жасалған тағы бір қадам. Түркияның бауыр ел ретінде осы мәселеде бізге жәрдем көрсетіп отырғанына алғысымды білдіргім келеді, – деп атап өтті (Анықтама ретінде: компания бұған дейін ҚР Қарулы күштеріне байланыс құралдарын, оптикалық және түнгі көру құрылғыларын жеткізген болатын ).
Қазақстанның Қорғаныс министрі ТАИ компаниясының басшылығымен Қазақстан мен Түркия арасындағы авиациялық техникаларды өндірудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады (Анықтама ретінде компания жетілдірілген және жеңіл қанатты ұшу құралдары үшін қосалқы бөлшектер өндіреді, сынақ тестері арқылы өндірілген қосалқы бөлшектерден ұшақтар жинайды. ТАИ өнімдері НАТО стандарттарына сәйкес деп мойындалған).
ТАИ Бас директоры Мұхаррем Дортқашлымен кездесу кезінде Әділбек Жақсыбеков:
– Бізді ТАИ-дың тәжірибесі қызықтырады. Астанада ұшқышсыз ұшу аппараттарын, әскери-көліктік және жауынгерлік авиация үшін авиациалық-техникалық орталық құру Қазақстан армиясын техникалық жетілдіруді дамытудың басым бағыты болып табылады. Осы саладағы өзара іс-қимыл өзара тиімді негіздегі конструктивті әріптестік сипатқа ие, – деп атап өтті. Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация компания өндірген ұшақтармен және басқа да авиациялық техникалармен танысты. ТАИ бүгінде авиатехникалардың барлық түрін өндіретін көппрофильді кәсіпорын болып отыр. Бұл жерде жауынгерлік екпінді ұшақтар, ұшақсыз аппараттар, әуе нысаналары, оқу-жауынгерлік ұшақтары, Эйрбас ұшақтары фюзеляжының жекелеген бөліктері өндіріледі.
Анкарада Әділбек Жақсыбеков FNSS зауытында жауынгерлік бронды машиналар өндірісімен танысты. Қазақстандық әскери делегацияға жетілдірілген жауынгерлік машиналар көрсетілді. Түрік тарабы осындай кәсіпорынды Астанада ашуға мүдделі екендіктерін жеткізді.
28-механикаландырылған бригадада әскери бөлімнің тұсаукесері өткізілді. Бұл жерде түрік әскерилері бітімгершілік күштері жеке құрамының дайындығын ұсынды. Бригада командирімен әңгімелескен ҚР Қорғаныс министрі олардың үздік жауынгерлік әзірліктерін атап өтті және алдағы «Дала қыраны» оқу-жаттығуына түрік әскерилерін бақылаушы ретінде ғана емес, қатысушы ретінде көргісі келетінін жеткізді.
– Бүгін біз Сіздердің әскери басшылықтарыңызбен осы мәселені талқылап, ортақ түсіністікке келдік. Қазақстанда бітімгершілік жаттығуларын өткізуге арналған қазіргі заманғы әскери қалашық тұрғызылды. Биыл «Дала қыраны» оқу-жаттығуларының қорытындысы бойынша НАТО басшылығы қазақстандық бітімгершілерге жоғары баға берді. Біз осындай әскери халықаралық іс-шаралардағы өзара іс-қимылдар тәжірибесіне қолдау көрсетімз, – деді Қазақстан Қорғаныс министрі.
Бүгін Әділбек Жақсыбеков Стамбулдағы Түрік Республикасы Қарулы Күштерінің Біріккен әскери академиясына барады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
25 сентября 2013, 15:37
258

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 35718
  • 201
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15835
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12625
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8076
  • 92
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
сегодня / 15:29
  • 3384
  • 44
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3039
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2404
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1706
  • 6