Ұлттық паралимпиадалық комитетіне жаңа вице-президент тағайындалды

Kazsport agent 2013 M09 23
175
0
0
0

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің Президенті Қалетаев Дархан Аманұлының бұйрығымен Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің...


Жұмабаев Айдар

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің Президенті Қалетаев Дархан Аманұлының бұйрығымен Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің вице-президенті болып тағайындалды

Білімі жоғары, М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған.

2003 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қаңтарына дейін Айдар Жұмабаев «Мир» МТРК Қазақстан орталық ұлттық филиалының директоры қызметін атқарды.

Қазақ мемлекеттік телевидениясының әдеби-драматургиялық бағдарламалар Бас редакциясында еңбек етті, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының оқытушысы, тәуелсіз «Таң» телекомпаниясының Бас редакторы, республикалық «НТК» телекомпаниясының Президенті, Халықаралық журналистика орталығының президенті болып қызмет етті, сонымен қатар, Қазақстан телерадиохабарлар таратушылар қауымдастығын басқарды.

Жерде телерадиохабар таратудың құқығын иелену конкурсын өткізу бойынша  үкіметтік комиссияның мүшесі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БАҚ жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0