Тікелей эфир

Күзгі кітаптар тізімі

Күзгі меланхолияның жабырқаулы көңіл-күйден басқа жағымды тұстары да бар. Оның бірі — жылы көрпеге оранып алып, кітаптағы кейіпкерлеріңмен бірге өзгеше ғұмыр кешу, олардың уайымын уайымдау мен қуанышына ортақтасу, қайғысына қосылу мен әзіліне күлуге не жетсін!


Асықпай, ерекше ынтамен оқуды талап ететін, артынан терең ой қалдыратын күзгі кітаптар бестігін «Екпінмен» бірге оқыңыздар.


Джозеф Максвелл Кутзее, «Петербордағы күз»

Ерекше автордың ерекше шығармасы. Кутзее Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қаласында дүниеге келген, Жазушы, сыншы, лингвист 2003 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Букер сыйлығын екі мәрте (1983 жылы «Жизнь и время Михаэла К.» романы үшін, 1999 жылы «Бесчестье» романы үшін) иеленген алғашқы жазушы.

«Петербордағы күзде» шетелдік автор Федор Достоевский, ХІХ ғасырдың соңындағы қала туралы жазған, Достоевскийдің кейіпкерлері, шығармаларындағы атмосфера мен философияны сол заманда өмір сүрген адамша детальді сипаттайды. Петрашевтықтар, нечаевтықтар, жастар мен кедейлердің көңіл-күйі жайлы Достоевский стилінде жазады.

Сюжетте Достоевскийдің өзі, оның өгей баласы Павел, нигилист Нечаев сияқты шынайы адамдар мен Федор Михайловичтің ойдан шығарған кейіпкерлері («Бесы» романындағы кітапқа енбеген, бірақ кейін жарияланған «У Тихона» бөліміндегі), тіпті Кутзеенің өз өміріндегі жеке трагедиясы — 23 жасар ұлының қазасы — орнын табады.


Франсуаза Саган, «Сәлем, мұң»

Француз жазушысы, драматургы Франсуаза Саган (шын тегі — Куаре) 1985 жылы әдебиетке қосқан үлесі үшін Монако кінәзінің премиясын иеленеді. «Сәлем, мұң» романының табысы Франсуаза Саганға беделді Сыншылар премиясын әкелсе, «Көмескі күлкіден» кейін оны «тираждық монстр» деп атап кеткен.

«Сәлем, мұң» кітабының «Жюллиар» баспасынан шығуы католиктік Францияда үлкен қарсылыққа тап болды. Кітаптың баспадан шығу кезінде Франсуаза небәрі 19 жаста еді. Бұған дейін белгісіз Саганның романы бірден миллионнан астам данамен тарап, жас жазушыға бір жарым миллион франк гонорар әкелген. Кітап болса дүкенде 45 франкқа сатылған.

Роман бүгінгі күні 22 тілге аударылып, бес миллионнан астам данасы сатылған. Бас кейіпкер Сесильдің менмендігі, өзін ақсүйектер қоғамында ұстауы мен отбасындағы қарым-қатынас толық ұрпақтың символына айналды.


Сэй-Сенагон, «Жастық астындағы хаттар»

Хэйан дәуірінде билік еткен император Итидзё патшаханымының сарайындағы жазушы әрі сарай әйелі Сэй-Сенагон кейіннен дзуйхицу (сөзбе-сөз — «қылқалам ізімен»; очерк, эссе) деп аталып кеткен жанрдың негізін қалаған.

«Жастық астындағы хаттар» ортағасырлық Жапонияның тұрмысын, өмірін, саяси оқиғаларды, әзіл мен өлеңдерді, табиғат көріністерін, этикет ережелерін және сарайдағы дәстүрлерді сипаттайды.

Ақпараттың құнды әрі көркем қайнар көзі деп санауға болатын кітапты міндетті түрде байыппен оқу қажет, Жапония мәдениеті қызықтыратын адамдарға конспект жасауға да болады.

Шыңғыс Айтматов, «Жәмиля»

Ойшыл гума­нист, данагөй, қазақ-қыр­ғызға ортақ халық жазушысының «Жәмиля» әңгімесі асқақ махаббатты суреттейді. Соғыс кезіндегі қарапайым ауылдың өмірі асқан шынайылықпен бейнеленеді. Адамдардың тұрмысы, олардың күнделікті проблемалары және махаббат, нәзіктік пен мейірімділік.

Биік сезімдердің қанды соғыспен қатар жүретіндігі бейнеленген шығарма кейіпкерлері шаршағанға қарамай тылдағы барлық жұмысты өз мойындарына алса да, олардың таза жүректері мұңаюды, шын сүюді, махаббатқа шексіз берілуді ұмытпаған.

Cайын Мұратбеков, «Күзгі бұралаң жол»

«Күзгі бұралаң жолдың» қайда апарарын, қандай шындықтың басын ашатынын ешкім білмейді. Соғыстан кейінгі балалардың өмірі, әкесіз қалған жетімнің үміті, өмірдің шындығы мен балалық максимализм Сайын Мұратбековтың әңгімесінде көрсетіледі.
Бір деммен оқылатын бұл әңгіменің бес кейіпкері толық бір кезеңнің көрінісі болғандай.

Әкесі «соғыста қаза болған» баланың мақтанышы мен шындықты аша алмай жүрген ананың күйініші, ұлының маңдайынан иіскей алмаған әкенің өкініші, сырттан бақылаушылардың таңданысынан құралған сезімдердің әр алуандығы оқырманды немқұрайды қалдырмайды.

Ал сіз күзде қандай жанрдағы кітап оқығанды ұнатасыз? «Екпінмен» бөлісе отырыңыз.

Матералды дайындаған: Айжан Байтанова

Алия Arsik
23 қыркүйек 2013, 11:32
6717

Loading...

Пікірлер

Франсуаза Саганды қосқаныңа қуаныштымын:) ең сүйікті кітаптарымның бірі, расында кітаптан созылмалы меланхолия, тәтті мұң еседі, оқуға кеңес беремін оқымағандарға (қыздарға әсіресе)
бүл кітаптардың электронды түрі бар ма)
әрине, гуглға жазсаң болды, шығады)
әрине, гуглға жазсаң болды, шығады)
Osi jili Jamilyani oqigam. Adeyi ortaloq kitaphanaga barip oqidim. Bir otirista bitirdim. Aitmatov sozderdi weber qoldanadi. Ozim povesttin kuageri siyaqti sezindim :)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15987
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12768
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8167
  • 92
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
вчера / 15:29
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3186
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2606
  • 0
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27
В Алматы появится велосипедный коридор от Орбиты до Зеленого базара

В Алматы появится велосипедный коридор от Орбиты до Зеленого базара

В Алматы планируется строительство велосипедного коридора, который соединит юго-запад и северо-восток мегаполиса. Об этом сообщил глава управления пассажирского транспорта и автодорог Алматы.
yviNews
вчера / 14:20
  • 3002
  • 32