Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:12, 22 сентября 2013

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатында үздік бестікке енді


Қазақстандық волейболшы қыздар
Таиландтағы Накхонратчасимада 13-21 қыркүйек күндері волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Онда топтық сында Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтарға 1:3 есебімен ұтылғанымен, 1/8 финалда және ақтық сында Жапония құрамасын жеңген Тайланд волейболшылары жеңімпаз атанды.

Ал ширек финалда қазақстандықтарды сүріндірген Оңтүстік Корея спортшылары қола жүлдені олжалады. Одан кейінгі орынды Қытай, Қазақстан, Вьетнам, Тайбэй, Иран, Австралия, Индонезия, Үндістан, Филиппин, Гонконг, Моңғолия, Шри-Ланка және Мьянма командалары өзара бөлісті. Екі жылда бір рет өтетін бұл дүбірлі додада бұған дейін Қытай он екі рет, Жапония үш рет Азия чемпионы атанған еді. Енді Тайланд спортшылары араға төрт жыл салып осымен екінші рет үздік шығып отыр.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
276
0