Монотеисттік діндердің соңғысы

Aminos 2013 M09 22
1561
0
0
0

Алдыңғы мақаланың талқымы бойынша біз ықтималдылық теориясы бойынша Ислам дінінің ең жас болғанына байланысты адамдардың тарапынан аз бұрмалануларға ұшырағанын болжамдадық. Сондықтан осы мақаламда...

Алдыңғы мақаланың талқымы бойынша біз ықтималдылық теориясы бойынша Ислам дінінің ең жас болғанына байланысты адамдардың тарапынан аз бұрмалануларға ұшырағанын болжамдадық. Сондықтан осы мақаламда мен Ислам дінінің мәнін ашып, мүмкін тағы бір қорытындыға келіп қалармыз...

Мұхаммед пайғамбарының хадистері бойынша бүкіл халықтар мен ұлттарға Алла тағаладан пайғамбарлар мен насихаттаушылар жиберілген болатын (барлығы шамамен 124 000) Олар өз кезегінде адамдарды өз жолдарына салып ерткен болатын, бірақ уақыт өте келе адамдар өздігінен еңгізулер жасап ыңғайлату мақсатында бұрмалаған болатын. Осыдан шығатын қорытынды Ислам діні басқа діндерден айырмашылығы ретінде басқа діндерді жоққа шығармай, керісінше мойындайды, бірақ олардың насихатталу жолы адамдардың әрекетінен өзгергенін ескертеді.

Кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша Ислам діні басқа монотеистік діндерден құрастырылып шыққан болатынын келтіріп, күмәнін айтады. Осындай ойға келудің себебі ол Ислам дінінің насихатталу бағыты мен құндылықтары жағынан басқа дін бағыттарына ұқсас және кейбір сұрақтарында тіпті бірдей. Осыны мұсылмандар осылайша түсіндіреді: Бүкіл монотеистік діндердің шығу тегі мен мақсаты бір. Ол Алла тағалаға сену және жіберген парыздарын мойындап, құлшылық жасау. Бірақ адамдарға жіберілген діндер ғасырлар өтісімен өз құндылықтарын жоғалтқан. Бірақ кешірімді Алла тағала адамдарды дұрыс жолға баулу және бастапқы мағынасын адамдардың ойларына қайта салумен жаңа елшілерін жіберген. Осыған байланысты монотеистік бағыттын таралуын түсіндіреді. Сонымен қатар Ислам дінінің ең соңғы екенін ескертеді.

Шынымен де егер монотеисттік діндердің пайда болу уақыттарын салыстырсақ аралары біршама алшақ, және сол уақыт аралығында шынымен мағынанын өзгеруіне сенуге болады. (Иудаизм - б.з.д ХХ ғ.; Христиан діні - б.з. І ғ.; Ислам діні - 610 ж.)

Мұсылмандардың насихатауы бойынша діннің түп мағынасынан айырылған уақытында басқа діннің пайда болуына әкелген болатын. Оның факторлары ретінде адамдар мен уақытты келтіреді. Соңғы екі дін бағытын салыстыратын болсақ арасы 610 жыл екенін көреміз. Ал Иудаизм мен Христиан дінінің арасы 20 ғасырды алады. Себебі не? Оған әсер етуші қандай факторлар болды? Сонымен қатар осы Ислам діннің насихатталуы 14 ғасырды қамтиді, осы уақыт аралығында осы дін тармағы қаншалықты бұрмаланды? Менің ойымша адамзат осы сұрақтарға жауап тапқан мезетінде осы монотеистік діндердің түп негізгі мақсатынан қаншалықты алшақтағанын түсінеді.

 

Оцените пост

-1