Қазақстандық жасөспірімдер телехикаялары

virusB September 21, 2013
1889
2
1
0

Қазақстанда соңғы жылдары отандық фильмдер мен телехикаялар саны арта түсуде. Және де көңілден шығып көз қуантып жүргені де шындық. Бірақ, әрине жасөсрірімдер фильмдері мен хикаялары айтарлықтай аз...

Қазақстанда соңғы жылдары отандық фильмдер мен телехикаялар саны арта түсуде. Және де көңілден шығып көз қуантып жүргені де шындық. Бірақ, әрине жасөсрірімдер фильмдері мен хикаялары айтарлықтай аз. Десек те соңғы жылдары шыққан отбасылық, бірақ жасөспірімдер телехикаясы ретінде қарастыруга болатын біраз фильмдерге шолу жасап көрейік. Он телехикаяны негізге алдым және бұл менің жеке ойым деп қарастырайық.

10)Әсел жән оның достары

Телехикая өте қызықты. Және де музыкамен әуестенетін жастар туралы. Жалпы жаман емес, тек фильм басында орыс тіліндегі аудиторға арналып, кейіннен ғана қазақ тіліне аударылды. Тек хикаяны тамашалап отырып, қазақстандық емес өзге ел студенттерінің өмірін бақылап отырғандай боласын.

9) Достар

Тамаша телехикая. Алғаш көргенде, біздің де осы типтегі отандық хикаялар көретін күніміз болады екен-ау деп ойладым. Жаңа көзқараста түсірілген хикая, сонысымен де баурап алған болар.

 

8)Көк тарландары

Сөз жоқ, қызықты хикая. Бірақ жасөспірімдер хикаясы емес, отбасылық. Егер ТОП отбасылық хикаялар туралы болғанда екінші немесе үшінші орын берер едім.

7)Вузеры

Нағыз жасөспірімдер мен жастар хикаясы. Тек орыс тілінде түсірілген және Ресейдің "универ" хикаясының ремейгі болып көрінді, көзіме.

6)Тракторшының махаббаты

Телехикая ауыл өмірінің кенеттен бір қыздың пайда болғанынан кейін қалай өзгергенін баяндайды. Кейде өз өміріндегі жайттарды байқап қалып жатасын. Ал әжей өз рөлін керемет ойнап шықты. Өте қатты ұнады. Хикая америкалық "на борту" және кореялық "безумная парочка" фильмдеріңе сәл ұқсағанымен, өте керемет. Нағыз қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі.

5) Базарбаевтар

Қалада тұрғанымен, қазақи салт-дәстүрлерді сақтай білген тамаша отбасы. Күлкілі, күнделікті оқиғаларымен көңілімнен шыға білді.

4) Айналайын

Әр бөлімі әрқилы қызықтарымен ерекшеленетін ең бір қылықты телехикая дер едім. Әрбір бөлімін сүйіспеншілікпен тамашалаймын.

 

3) Алдар көсе

Комедия жанрында түсірілген тарихи, қалжыңға толы, бірақ қалжыңының астарында терең ой бар телехикая. Тек АЛҒА!

2) Жас ұлан

Шын жасөспірімдер телехикаясы. Екінші орынды осы керемет туындыға беремін. Себебі: әрбір сюжеті тәртіпке, отанға деген сүйіспеншілікке шақырады. Телехикаяда бәрі де қарастырылған. Алғашқы махаббат, ата-анаға деген құрмет, достар арасындағы қалжың, шыңшылдық... Жалпы өте-мөте ұнады.

1) Ғашық жүрек

Ең бір керемет телехикая. Шынайы өмір. Жүректі селт еткізер сюжеттері де аз емес. Әсіресе, ең қатты ұнағаны саундтрегі. Иә, жасөспірімдер телехикаясы емес, жалпы отбасылық фильм. Бірақ жасөспірімдерге ой салар тамаша туынды. Бұл телехикаяны мен, алғашқы қазақстандық дорама (шығыс азиялық бір көргеннен еліктіріп әкетер телехикаялар) дер едім. БРАВО!!!

Оцените пост

1

Комментарии

0
Өз ойларыңызды білдіріңіздер! Күтетін боламын...
0
Мен бұл сайтқа 21.09.2013 күні ғана тіркелдім,яғни екі күн болды және бұл менің өмірімдегі ең алғаш блогым. Блогты да тіркелген күні жазған болатынмын. Сондықтан сіздердің ойларыңызды білгім келеді.
Показать комментарии