Қаржы полициясы Академиясының тыңдаушылары және офицерлер құрамы «Қабанбай батыр» кесенесіне жаяу саяхат жасауды ұйымдастырғалы отыр

Қаржы полициясы Академиясының тыңдаушылары және офицерлер құрамы 2013 жылғы 21 қыркүйекте Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы «Қабанбай батыр» кесенесіне жаяу саяхат жасауды ұйымдастырғалы...

Қаржы полициясы Академиясының тыңдаушылары және офицерлер құрамы 2013 жылғы 21 қыркүйекте Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы «Қабанбай батыр» кесенесіне жаяу саяхат жасауды ұйымдастырғалы отыр.
Бұл жүріске Академияның толық құрамы қатысады. Жаяу саяхат Академия бастығы, қаржы полициясының полковнигі С.С. Молдабаевтың тікелей қатысуымен өтеді. Жаяу саяхаттың барып келу жолының ұзақтығы 37 шақырымды қамтиды. Жорық барысында тыңдаушылардың теориялық сабақта алған білім дағдыларды саяхат уақытында сыңнан өтеді.

Саяхат бағдарламасында спорттық сайыстар, мәдени іс-шаралар және Қабанбай батырдың қазақ халқына сіңірген ерлігі жайлы кең көлемдегі мәліметпен таныстырылады.
Осы сапарды өткізудің мақсаты - тыңдаушылардың қиыншылықты жеңе білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке баулу, Ант қабылдау рәсіміне 1 курс тыңдаушыларын дайындау. 
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының бірі - ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді әралуандылық және ұлылығыз арқылы бірлік пен ынтымаққа баулу. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады».
Академия тыңдаушылары қатары еліміздің барлық аймақтарынан және көршілес мемлекеттен құралған. Айта кетер болсақ, тәжік және қырғыз елдерінің тыңдаушылары білім алуда.
Осы жорық арқылы қазақтың тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныстыру көзделген.

Оцените пост

0