Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:20, 20 сентября 2013

Екатерина Ларионова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды


батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова

19 қыркүйек күні кешкісін Венгрияда ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова қола жүлдені жеңіп алды.

Ол 63 келі салмақта үшінші орын бәсекеде колумбиялық қарсыласын небәрі 30 секундта таза жеңіп, тұңғыш рет осындай табысқа қол жеткізді.

Әкесі Алексейдің жетекшілігімен жаттығып келе жатқан Екатерина бұдан екі жыл бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарған болатын.

Ересектер арасында күреске түскеніне көп бола қоймаған Е.Ларионова биыл Қазанда өткен универсиадада қола жүлде үшін бәсекеде қарсыласына есе жіберген еді.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
157
0