Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:47, 19 сентября 2013

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары баға берді

Blog post imageҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің өкілдері үшін әскери нысандарына кезекті рет көрсету жүргізді.
Комиссияға Қарағандыдағы авиациялық база мен Астанадағы десантты-шабуылдаушы бригаданың қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілері ұсынылды. Инспекторлар авиабаза мен бригаданың инфрақұрылымын (әскери қалашық, казармалар, автопарк, асхана) қарап, жеке құрамның күнделікті қызметі мен оқу процесін бақылады.
- Өткен жылдармен салыстырғанда, Қазақстан армиясында барлық бағыттар бойынша атап өтерлік ілгерлеушіліктер бар. Тексеру қорытындысы бойынша мен Қазақстан Қарулы Күштері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін толық орындайды деп сеніммен айта аламын, – деді топ басшысы полковник Шнейдер (Бундесвер, ГФР).
2013 жылғы 16-19 қыркүйек аралығында Қазақстанға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК-ге мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар келді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелері шеңберінде 52 шетелдік бақылаушы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасады.
Биылғы жиынның ерекшелігі, Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға қатысуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері бірінші рет шақырылып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы екі үлкен өңірлік ұйымды халықаралық қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасауға пайдалану қажеттігі туралы бастамасының іс жүзінде жүзеге асуының белгісі болды.
Өткізілген шара Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шараларды іске асырудағы белсенді позициясы айқын мемлекет ретіндегі мәртебесін тағы бір дәлелдеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
217
0