Танкистер жазғы оқу-жаттығу кезеңін аяқтады

МО РК 2013 M09 18
233
0
0
0

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында батальондық-тактикалық жаттығу өтті. Оған Құрлық әскерлері танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Жаттығу барысында бөлімше шабуылға дайындық...

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында батальондық-тактикалық жаттығу өтті. Оған Құрлық әскерлері танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.

Жаттығу барысында бөлімше шабуылға дайындық шараларын орындады, Т-72 танкісінің штаттық снарядтарымен жауынгерлік атыстардың, сондай-ақ артиллериялық қарудан тактикалық іс-қимылдарын пысықтады. Атыс жүргізу, маневр жасау тактикалық іс-қимылдары кезінде бөлімшенің жеке құрамы ұйымшылдық таныта білді.

Батальондық-тактикалық жаттығудың жалғасы әскери қызметшілердің тұрғылықты орнына 200 шақырымдық марш жасауымен аяқталды.

Өткізілген жаттығу бригаданың жазғы оқу кезеңінің аяқталғандығынан хабардар етті. Далалық жаттығуларды өткізу кезінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыратын, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайтын маңызды тапсырмалар жүзеге асырылды.

strategy2050.kz

Оцените пост

0
Дальше