Алматыда гольфтен дәстүрлі «Kazakhstan Open» турнирі басталды

Kazsport agent 2013 M09 18
148
0
0
0

Бүгін Алматыдағы «Нұртау» гольф-клубында кәсіпқой гольфшілер арасында ІХ «Kazakhstan Open» турнирі басталды. «European Challenge Tour» аясында өтіп жатқан бұл жарысқа биыл 132 спортшы қатысуда. Оның...

Бүгін Алматыдағы «Нұртау» гольф-клубында кәсіпқой гольфшілер арасында ІХ «Kazakhstan Open» турнирі басталды.

«European Challenge Tour» аясында өтіп жатқан бұл жарысқа биыл 132 спортшы қатысуда. Оның 100-і — Челлендж-тур рейтингінде үздіктер қатарында тұрғандар. Онда ел намысын кәсіпқойлар арасында Константин Лифанов, Марк Николс, Андрей Павлов, Александр Вонгай, Куртис Клемент, Александр Майоров, Сим Джей Донг, әуесқойлар арасында Канг Буюнг Ку пен Дәулет Төлеубаев қорғамақ.

Жүлде қоры 400 мың еуроны құрайтын бұл турнир European Challenge Tour додасындағы ең ірі жарыстардың бірінен саналады. Елбасының бастамасымен 2005 жылдан бері ҚР Гольф федерациясы тұрақты ұйымдастырып келе жатқан бұл бәсекенің негізгі сайысының алдында өтетін Pro-Am (мастер-класс) матчы қазақстандық әуесқой гольфшілердің кәсіпқой спорт майталмандарымен бір командада өнер көрсетіп, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ.   ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0