Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр

Kazsport agent September 18, 2013
144
0
0
0

Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасын жеңіп, ұпай саны жағынан Жоғары хоккей лигасында бірінші орынға көтерілді. Кешегі ойын...


Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасын жеңіп, ұпай саны жағынан Жоғары хоккей лигасында бірінші орынға көтерілді.

Кешегі ойын — «Қазцинк-Торпедо» хоккейшілерінің сырт алаңдағы алғашқы матчы. Бұған дейін олар өз алаңында үш ойын өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Осы жолы да «Қазцинк-Торпедоның» мерейі үстем болды. Ойынның бірінші кезеңінде-ақ Өскемен хоккей клубының жігіттері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайбаны кіргізді. Константин Савенков дубльдың авторы атанса, Евгений Рымарев үшінші шайбаны шебер сала білді. Одан кейін Юрий Сергиенко «ВМФ-Карелияның» қақпашысын төртінші рет қапы қалдырды. Қарсыластар болса, ойынның әрбір кезеңінде бір-бір шайбамен жауап берумен болып, есеп айырмасын 4:3-ке дейін қысқартты. Алайда одан аса алмады. Ойын осымен аяқталды.

Осылайша, Өскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда өткізген алғашқы ойында жеңіске жетіп, тағы үш ұпайға қол жеткізді. Қазір төрт ойынның қорытындысы бойынша, оның еншісінде 12 ұпай бар. Соның арқасында «Қазцинк-Торпедо» Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0