Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Югра»

Kazsport agent 2013 M09 18
162
0
0
0

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек. Айта...


Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек.

Айта кеткен жөн, ҚХЛ-дың жаңа маусымына дейін «Барыс» пен «Югра» бірнеше рет кездесіп, күш сынасып көрген болатын. Тамыз айында олар ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнирде ойнаған. Ол кезде екі рет қатарынан «Барыстың» мерейі үстем болды. Ал соңғы Иван Ромазан атындағы хоккей додасында «Югра» өз есесін қайтара білді. Алайда барлық матчтарда екі команданың да дайындығы бірдей екендігі барынша байқалды. Таразы басы да бірде «Барысқа», бірде «Юграға» ауып тұрды. Ал ЖХЛ-дың жалпы турнирлік кестесіне қарасақ, астаналық клубтың бір қадам алда екендігін көруге болады. Мәселен, «Югра» соңғы бес ойында үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте ұтылса, «Барыс» бес матчтың төртеуінде қарсыласынан басым болды.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0
Дальше