Әділбек Жақсыбеков Пәкістан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен кездесті

МО РК 2013 M09 17
187
0
0
0

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Пәкістан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Ашфак Каянимен кездесу өтті. – Пәкстан...

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Пәкістан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Ашфак Каянимен кездесу өтті.

– Пәкстан Оңтүстік Азия аймағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады, және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі. Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттеріміздің арасындағы байланыстар достық пен өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделгендігіне әрқашан сенім білдіреді.

– Екі ел Қарулы Күштерінің арасындағы тәжірибе алмасу әскери ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі,-деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ашфак Каянимен екіжақты кездесу кезінде.
Өз кезегінде генерал Каяни Пәкістан армиясының террористік қауіп қатерге қарсы мол тәжірибесі жинақтағанын, бүгінде Пәкстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында ірі әскери контингенті барлығын және осы бағытта өзінің тәжірибесімен бөлісуге даяр екендігін айтты.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік сұрақтарын және 2014 жылы АҚШ пен НАТО әскерлерін шығарғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдай барысын талқылады. -Қазақстан Ауғанстандағы қарсы жақтардың достасуына және оның бейбіт жолмен дамуына мүдделі. Біз Пәкістанды ауған мәселесін реттеуге қатысушылардың бірі ретінде қарастырамыз,-деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы.
Әділбек Жақсыбеков Ашфак Каяниді Қазақстан қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму барысымен таныстырды және пәкстандық компанияларды халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери техникалық мүлік «KADEX-2014» көрмесіне қатысуға шақырды. – Қазіргі уақытта Қазақстан Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс кешенін дамытуға ерекше мән беріп отыр. Біз Еуропа мен Азияның осы саладағы қорғаныс компанияларының бірқатарымен жоспарлы ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Өз кезегінде генерал Ашфак Каяни қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Әділбек Жақсыбеков қазақстан-пәкістан әскери ынтымақтастығы ұзақ мерзімді перспективаға ие болатынын және айтарлықтай дәрежеде біздің елдеріміздің қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Пәкістан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан Қорғаныс министріне әскери өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0