Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:08, 17 сентября 2013

Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығуына қатысу үшін Минскіге ұшып кетті

Blog post imageБүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің офицерлер тобы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл" оқу-жаттығуларына қатысу үшін Астанадан Минскіге ұшып кетті.

Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген  бұл офицерлер жедел топ ретінде Ұжымдық жедел ден қою күштері қолбасшылығы мен штабы құрамына кіреді. Қазақстандық әскери делегацияны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастап барды.

Қазақстан Қарулы Күштері жедел тобының тапсырмаларына шешім қабылдау, жоспарлау, көпжақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әскерлерді басқару және өзара іс-қимылды ұйымдастыру кіреді, – деп атап өтті генерал-майор Р. Әлімов. – Сондай-ақ, жедел топ бір күн кейін ұшыр келетін  қазақстандық әскери бөлімшені қарсы алу және орналастыру шараларымен де айналысатын болады.

Оқу-жаттығуға Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшесі – Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы батальоны қатысады. Саны жағынан қазақстандық әскери контингент Беларустардан кейінгі екінші орында тұр.

Қазақстандық әскери қызметшілерді оқу-жаттығу өтетін ауданға Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көліктік авиация ұшақтары жеткізеді. Сонымен қатар, Қазақстан әскери-әуе күштерінің Су-27 жауынгерлік ұшақтары оқу-жаттығуға қатысатын болады.

ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Беларусь Республикасының аумағында 2013 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикалары қарулы күштерінің контингенттері қатысады. Оқу-жаттығу өтетін орын ретінде «Осиповический» полигоны мен Бобруйск әскери аэродромы таңдап алынған.

Ұжымдық жедел ден қою күштерін алғашқы сынақтан сәтті өткізу 2009 жылы Қазақстанда өткен ҰҚШҰ «Өзара-іс-қимыл» бірлескен оқу-жаттығулары барысында жүргізілген болатын. Сол жолы ҰҚШҰ Жедел ден қою күштері қатысқан оқу-жаттығуларды бақылған Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары оған жоғары баға берген еді.

Қазақстандық әскери қызметшілердің біріккен оқу-жаттығуларға қатысуы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өңірлік қауіпсіздігін нығайтуға жасалған маңызды қадам, сондай-ақ Жедел ден қою күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға қызмет ететін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
295
0