Астаналық бокс мектебінің алғашқы әлем чемпионын елорда жұртшылығы әуежайда салтанатпен қарсы алады

Kazsport agent September 16, 2013
217
0
0
0

Киев қаласында өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде (Украина, 9-15 қыркүйек) Қазақстан спортшыларының қоржынына 2 алтын, бір күміс және 5 қола медаль түсті. Жалпы командалық есепте...


Киев қаласында өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде (Украина, 9-15 қыркүйек) Қазақстан спортшыларының қоржынына 2 алтын, бір күміс және 5 қола медаль түсті. Жалпы командалық есепте қазақстандық боксшылар Ресей мен Кубадан кейінгі үшінші орынды еншіледі.

Әлем біріншілігінің триумфаторларының бірі астаналық боксшы Рахат Маржықпаев болды! Бұл — астаналық бокс мектебінің тарихындағы бірінші әлем чемпионы. Ол 66 кг салмақта өнер көрсетті. Рахат ақтық сында өзінің әзірбайжандық қарсыласынан басым түсті. Спорт шеберлігіне үміткер (енді оған Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі) Рахат Маржықпаев биылғы жылы өз салмақ дәрежесі бойынша Азия чемпионы болғанын естеріңізге саламыз.

Ертең таңертең елорда жұртшылығы астаналық бокс мектебінің алғашқы әлем чемпионын әуежайда салтанатпен қарсы алады.

   

Оцените пост

0