Тікелей эфир

Сырлыбек Бекботаев: «Қазақстан суретшілерінсіз еш биеннале өтпейтіндей деңгейге жетсек деймін»

Айжан Кәрібаева

журналист

Сырлыбек Бекботаев — заманауи өнер әлемінде тек Қазақстанда емес, көптеген шет елдерге танылған атақты «Қызыл трактор» суретшілер тобының мүшесі. Жақында болған «ArtbatFest»-те заманауи инсталляция, қойылымдарымен жұртты таң қалдырды. 26 жастағы топтың ең жас мүшесі қазіргі заманауи өнер туралы және де «Қызыл трактор» тобының тарихын баяндап берді. Сондай-ақ, авторы туралы суреттерінен артық кім айтып бере алмақ дегендей, Сырлыбек Бекботаевтың «Екпінге» берген өз туындыларын тамашалап көріңіздер.


«Қызыл трактор» суретшілер тобы туралы

80-ші жылдары Уфадан Шымкентке бір суретші келіп, Ә.Қастеев атындағы колледжде мұғалім болып қалып қалады. Ол кісі — Симаков Виталий Арсентьевич. Сол кездері Молдағұл Нарымбетовпен, Смайл Баялиевпен достасады. Басында жай үйірме ашып, кейін соның арасынан іріктеліп, сол достарымен топ құрады. 86-шы жылдан бастап олар кішігірім көрмелер жасай бастайды.

Басында ол топ «ССА» деп аталып, эксперименталды өнермен айналысқан. Кейін 1995 жылы атауын «Қызыл трактор» деп ауыстырады. Сол кездері Шымкенттегі бір тарихи мұражайдың көрмеге арналған залы болыпты, оларға сол залды тегін беріп отырады екен. Сол залда 20-30 ж.ж. шаруашылықта белсенді қолданылған бір тарихи трактор болған. Жай трактор емес, қызыл авангард трактор екен. Мүмкін содан атауларын «Қызыл трактор» деп атаған шығар. Содан міне 23 жыл бойы бұл топ өмір сүріп келеді. Басынан олар эксперименталды өнер деп әр нәрсені көрген. Тек кейіннен оның перфоманс, инсталляция екенін біліп жатады. Қазірде топ мүшелері: Смайл Баялиев, Арыстанбек Шалбаев, Виталий Арсентьевич Симаков, Сайд Атабеков және мен.

«Қызыл трактор»-дың «ArtbatFest»-тегі қойылымы

«Қызыл трактор»-ға менің келуім

Мен Шымкент облысындағы қарапайым шаруа отбасынанмын. Ата-анам, туысқандарымның өнерге еш қатысы жоқ. 3-4 сыныптарда сурет салуға қабілетім болған соң, сол кезден-ақ суретші боламын деп шештім.

Менің топқа келгеніме 1 жылдай болды. Топ құрушылары — мені тәрбиелеген ұстаздарым. Шымкенттегі Қазақ-түрік Университетінің графика факультетінде оқыдым. Сол кезде менің тобымды эксперименталды топ ретінде алып, олар басқаша бағдарламамен оқытты. Мысалы, бір тапсырма беріп, сабақтан босатып жібереді немесе күні бойы күштеп сурет салдырады. Ол тәуекелді іс болды. Өйткені біздің топтан түк шықпауы да мүмкін еді. Сонда мұғалімім Виталий Арсентьевич: «Егер сендердің алдарыңа бір сурет қойып, оны салдыра беретін болсақ, сендер жай ғана көшірмеші боласыңдар. Ал картина жайлы дым білмей шығасыңдар. Сол үшін сендер 6-7 айда көшіріп үйрендіңдер, енді тақырып бойынша өз беттеріңмен жұмыс істеңдер» дейтін.

Содан оқу бітіргеннен кейін 1-2 жыл өз бетімше жұмыс істеп жүрдім. Ара-арасында ағайларыма келіп, ақылдасып тұрамын. Әуезов Оңғар, Меңдешов Жақсылық, Әбілсейіт Атабековтер мені бағыттап, заманауи өнерде жол сілтеп отырды.

Студент кезімде «Қызыл трактор» жайлы, олардың даңқы жайлы көп еститінмін. Сол кезде өзім де топ жинағым келді. Ал менің эксперименталды тобымда менен басқа үш қыз болатын. Мықты суретшілер. Бірақ олар бірінен соң бірі тұрмысқа шығып кетіп, мен жалғыз қалдым. Содан Виталий Арсентьевичке келіп маған жақсы студенттеріңізді беріңіз, топ құрайын дегенімде, ол маған: «Топ құрып қайтесің, өзің туынды жасай берсең, топ сені өзі-ақ табады. Өзі-ақ айналаңа жиналады» деген еді. Ал «Қызыл трактор» ол кезде мен үшін аңыз болды. Топ мүшелері өз беттерінше жұмыс істеп, енді ол топ қайта құрылмайтындай көрінетін. Кейін 2012 жылы Астанада «Арт Дала» деген заманауи көрме жасалатын болды. Ол жаққа мен «Маки» сериясының алғашқы туындыларын қойған болатынмын. Сол көрмеден кейін мені «Қызыл трактор» тобына алды.

Суреттерім туралы

Қазіргі заманауи өнер концепциясыз болмайды. Оның идеясы, орындалу стилі, формасы баяндалады. Сондықтан концептуалды, заманауи өнер дейді.
«Дала әуені» атты фотографиялар сериясы. Мен жалпы фотограф емеспін, алдымен суретшімін. Сол себепті фотография жасар кезде, алдымен оның эскизін саламын. Содан соң сол эскиз бойынша, фото жасаймын. Нәтижесінде фотография кескін өнері ретінде шығуы керек.

«Аманат»

«Дала әуені»

«Дала әуені» 2011 жылы жасалған. Бұл жұмысыммен облыстық жүлде ұтып алғанмын. Бұл дала — менің туып-өскен жерім. Бұл жерде бала-бақша, кинотеатр, мәдени клубтар сияқты ештеңе жоқ. Азаннан кешке дейін көретінің сар дала. Ал бұл жерде әйелдердің тұру себебі бөлек. Менің отбасымда мысалы, кіші қарындасым өскенге дейін барлық үй шаруасын анам жасады. Таңертең тұрғаннан бастап сиыр сауады, тамақ істейді, бізге де көмектеседі. Кейін келіндері де оның жолын қуады. Яғни бітпейтін «тақ-тақ», «қысыр-құсыр» шаруа әуені. Дала әуені. Мен үшін ол жағымсыз әуендер, жаныма бататын әуендер. Менің ғана шешем емес, барлық дала тіршілігімен өмір сүретін әйелдердің өмірі осындай. Бітпейтін шаруа, бітпейтін әуен. Қазірдің өзінде келіндері тұра анама қой болды, отыр десең де, ол ондай өмірге үйреніп қалған. Ол — нота, онсыз әуен орындалмайтын сияқты көрінеді өзіне.

«Домалақ ана»

«Домалақ ана» немесе «Мона Лиза». Менің Мона Лизам — фотодағы анам. «Мона Лиза» суретінің көптеген анықтамалары бар, соның бірі, күйеуі қайтыс болып, жатырындағы баласы үшін өмір сүрген әйел образы бейнеленген дейді. Ал менің Мона Лизам өмір бойы біз үшін өмір сүріп келеді.




«Маки»


Бұл серия 30-ға дейінгі қазіргі жастар арасындағы қарым-қатынас жайлы. Бөлінгенім емес, бірақ біздің Шымкент жақта жастардың арасында бір-біріне деген сүйіспеншілік үмітін ақтауға тырысады. Ал Алматыға келгелі бері, мен қарым-қатынастың басқа қырын көрдім: адамның мүмкіндігіне, ақшасына қарап жақсы көру, бір-бірін жақсы танымай жатып жыныстық қатынастарға түсу, т.б. Сол себепті бұл жердегі гүл де үйреншікті емес, дөңгелектері бар, басқаша гүл. Ол көшпелі, сырғып біреуге барады, егер ол қызықтырмаса, барып екіншісіне дөңгелейді. Жігіттің қызға берген сезімі ақталмайды немесе керісінше, қыздың жігітке сенген сезімі ақталмайды. Бір сөзбен айтқанда — тұрақсыз қатынастар. Әрине оны жақсы-жаман деп сөкпеймін, бірақ дәл маған ұнамайтын нәрсе.


Мына «Артбатфест»-ке қойылған инсталляция үш аптада жасалған. Қағаз, мата, құрылыс материалдарынан тұрады. Адамдар жыртып тастаса, сол жерін бинтпен орап, зеленкамен жағып қоямын деп ойладым. Қазірше ешкім жыртпады (күліп). Ондай әрекет күтемін, иә, өйткені бізде оны көбісі түсіне бермейді. Тұрғызып жатқанның өзінде кез келген нәрсені қоя бермесеңдерші деп өтіп бара жатқандардың айтқандары да болды.


«Караван» атты сым темірден жасалған туындылар. Бұндай тәсілмен жұмыс істеуді 2006 жылдан бастап қолға алдым. Егер күн сайын істейтін болсаң, мына кішілерін бір айда жасауға болады. Ал мына жердегі үлкен құмыра алты айда жасалған. Біраз күн жасап, тастап кетіп, қайта келіп істеп дегендей.


«Қырғыз асуы» атты Қырғызстанда қойылған инсталляция. Пермьге барғанда өзіміз сияқты жап-жас қырғыз қыз-жігіттер сол жақта жұмыс істеп жүрген. Қайта қайтқылары жоқ. Түгелдей бір отбасылар бар қалып қойған. Сол мәселе көрсетілген.


«Контакт» фотоинсталляциясы. Суреттегі менің інім. Әкемнің інісінің баласы. Біздің үйге бауыр басып, қолымызда болған. Өз әке-шешесінен гөрі, бізді жақсы көреді. Әсіресе атасын ерекше жақсы көреді. Атасы екеуінің арасында контакт мықты. Әкем жиі 2-3 күнге малбазарға кетіп қалады. Сол кезде ол «атам тамақ ішті ме екен», «не істеп жатыр екен», «сиырын сатты ма екен» деп уайымдап отырады. Әкем де дәл сол кезде соны ойлап, телефон шалады: «Ердәулет не істеп жатыр? Сабағына жібердіңдер ме?» деп. Екеуінің арасындағы тығыз қарым-қатынас түрткі болды. Жақында оның видеосын жасадым.

Шабыт және өнерді түсіну туралы

Бір жерден шабыт алу дегенге сене бермеймін. Заманауи өнердің бір жақсы жері — кез келген дүниеден, проблемадан немесе болмашы нәрседен үлкен туынды жасауға болады. Сол себепті әрдайым бар назарыңды өнерге бұрып жүру керек. Картина жазуға басты шабыт сол. Егер шаршамай тұрсаң, картина жасауға қаражатың болса, жұмыс істеу керек.

Қазірде мен фотографиямен де, графикамен де, инсталляция, фото-видео инсталляция, перфоманспен де айналысып жатырмын. Бәрі де ұнайды. Бәрі де қолымнан келеді. Сол себепті өнерде өз орнымды іздеудемін.

Әлемге елді таныстырудың бірден бір жолы спорт пен өнер. Сол себепті менің қағидам — өнер өнер үшін істелуі керек. Бұрында Виталий Арсентьевичтің бір айтқаны бар еді: «Сен суретшісің, сол себепті сен қарапайым адамдар сияқты ойлай бермейсің, сені көбісі түсінбеуі мүмкін. Саған өнерді Құдай бергеннен кейін, ертең ол сенен сұрайды: елден ерекше қылып саған бердім, сен не істедің деп. Сол себепті адамдармен тілдес, бірақ ақылдаспа» деп.

Өнердегі үлкен арманым

Қазақстанның өнерін мойындату. Қазақстанның суретшілерінсіз еш биеннале өтпейтіндей деңгейге жеткізу. Бізбен санасса деймін, «Қазақстаннан суретшілер жоқ, көрме дұрыс болмай қалады-ау» деп күмәнданса деймін. Мысалы, Қытай суретшілерінсіз бірде-бір ірі көрмелер өтпейді. Міндетті түрде 1-2 суретшілері жүреді.
Одан соң өзің осы арқылы жақсы жетістікке жетіп, жас суретшілерге қолдау көрсетсең. Өйткені менімен бірге, менен кейін де көптеген мықты суретшілер болды. Олардың біразы өнерді тастап кетті. Өйткені онымен мен ақша таппаймын, қасымдағы қызыма бір гүл алып бере алмасам, несіне жүремін деп жатады. Оған тек шыдамдылық көрсету керек. Жолын білсең, өнер арқылы да жақсы ақша табуға болады. Ол үшін, ең алдымен, өз өнеріңді шыңдауың керек.

Қазақтың негізгі өнері — ән-күй өнері. Заманауи өнерде өзекті, актуальды тақырыптар болады. Домбыраны мен актуальды өнер деп есептеймін. Соңғы жұмыстарымды сол актуальды өнерге жақындатып жүрмін. Біз Еуропаның, Индияның, АҚШ-тың өнеріне тамсанып жатамыз, ал өзімізде де өнердің бай кеніші жатқанын білмейміз. Сол ән-күй, айтыс, жыршылардың өнерін бұрып, кескін өнері арқылы жеткізуге болады.

Алия Arsik
17 қыркүйек 2013, 11:12
4967

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

akma81
0
0
"маки" түсінбедім. Инсталляцияның жұмысы өте қызық, әсіресе "Дала әуені". Рақмет.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 5149
  • 33
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5109
  • 12
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2921
  • 45
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2839
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2179
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1850
  • 21
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1692
  • 16
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1915
  • 17