Көктемгі көңіл күй

Ержан Жумабеков 2013 M09 16
482
0
0
0

  Қазақтың қолданбалы сәндік өнері, әлемдік кеңістікте ұлттымызға тән ерекшеліктермен танымал.  Ертеден бері жалғасын тауып келе жатқан бұл өнер саласы, бүгінгі таңда заманға сай жаңару...

 

Қазақтың қолданбалы сәндік өнері, әлемдік кеңістікте ұлттымызға тән ерекшеліктермен танымал.  Ертеден бері жалғасын тауып келе жатқан бұл өнер саласы, бүгінгі таңда заманға сай жаңару жолында.

Міне, осы заманауи өмір ырғағы мен ұлттық таным көрінісінің үйлесімділігін, жас гобеленші Бауыржан Досжановтың өнер туындыларынан байқауға болады.

     

Шығармашылық жұмыстарының ішіндегі түстердің әр алуан реңктері арқылы көзге түсетін «Көктем» атты абстрактілі композициясы. Көктем мезгілінің нышаны қызғалдақ көрінісімен, жаңаруды меңзейді. Туынды динамикалық мәнерде беріліп, көктемгі көңіл-күйді сездіртеді.

Кескіндемелік тілді гобелен тілімен үндестіру еркіндігі суретші шебердің аталған туындысында айрықша орын алған.  Гобелен өнеріндегі ширектің кеңдігін шеберлікпен тоқи отырып, өзіндік көз қарасын, танымдық сипатын түстік және де белгілік негіздермен ашуға тырысады. Гобелен туындысы  жіптердің иірімдері арқылы бір қарағанға қылқаламның айқышты лебтеріне өрілген сююжеттік көрініс болып елестейді. Алайда суретші шебер Б.
Досжановтың айрықша шеберлігі оның өзіндік гобелендік нақышына ендіру барысында қолданған нәзік сызықты көріністерді тоқу әдісі  болып табылады.

     

«Кез келген адам баласы белестерге жетсем деп армандайды. Және де бұл   жағдай,   гобелен өнерінде жасалған «Таң» композиция негізіне түрткі болды»-дейді суретші.

Аталмыш гобеленде жер мен көктің ара қатынасын шексіз дүние ретінде  карастырып, бұл көріністі көл жағасында болашаққа қарай тұрған бала бейнесімен ұштастырады. Айналасындағы қағаздан жасалынған ұшақтар мен құстарды сипаттауы  арқылы, боз баланы  өз арманымен байланыстырады. Бұл композициядағы бала бейнесінің жаңа күнге қадам басқанын, суретшінің жаңа өмір  басталуымен теңеуі еді.

         

Тамғалы шатқалындағы қола дәуіріндегі таңбалар , «Би» композициясында суретші өзіндік стильге салады. Ақ пен қара түсінің кереғарлығы арқылы, жақсылық пен жамандық,  күн мен түннің  қүресін көрсетеді. Дақтық негіз, абстрактілі өнердің бастауы. Инь мен Янь бастауы. Өткен тарихи таңбаны бүгінгі абстрактілі өнерге алмастыру. Жарқындылыққа ие болуы үшін сары, қызғылт түстерді қосу, жарқындату суретші шебердің өмір талабына сай қосымшалаған тәсілдерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кеше мен бүгінді түстер арқылы байланыстыру.

 

Бүгінгі  таңда адам баласы тек түпкі тамырынан ғана емес, табиғаттан да алшақ кетіп барады. Бұл мәселе Бауыржан Досжановтың туындыларында басты орынға шығады. Және де бүгінгі өнер туындылары интерьерлік сәндік бұйым ретінде емес,  түпкі мән мағынасы мол туынды ретінде танылса игі.

 

Ержан Жұмабек


 

Оцените пост

0