Қеңістік пен тыныс үйлесімі.

Ержан Жумабеков 2013 M09 16
248
0
0
0

«Күзгі кеш» (2009) – гобилені Ұсентаеваның шығармашылық жолының бастауы. Қас қағым сәт. Бірақ бұл бір уақыттылық сезім сәті аталмыш гобеленде мәңгілік бейнеге енді.

Үйлесім – бұл жас суретші Самал Ұсентаеваның гобелен шығармашылығындағы  бейнелік қатарында байқалатын ерекшеліктерінің бірі. Бұл мағынамен тек  қазақи таным мен болмыстың, қарапайымдылықпен сұлулықтың үйлесімі ғана емес, ішкі уақыт кеңістігімен заманауи сезім мен көріністің үйлесімі. Өмір тіршілігінің тынысы, қай уақыттық кезеңде болмасын, Самал Ұсентаеваның гобелендік топтамасында өзіндік ерекшеліктерімен бақалынып отырады.

«Күзгі кеш» (2009) – гобилені Ұсентаеваның шығармашылық жолының бастауы болды. Қас қағым сәт. Бірақ бұл бір уақыттылық сезім сәті аталмыш гобеленде мәңгілік бейнеге енді. Композициялық құрылымдағы, бүгінгі күнгі тұрмыстық көрсеткіш арқылы кеңістіктің қысымын көрсетсе, орталық фондағы күн мен таулы аймақ арқылы гобеленге теңдік, еркіндік, самал желдің лебізін сездіртеді. Алғашқы жұмысының көркемдік маңыздылығымен табиғат құндылығын заманауи үдеріспен үйлестіре отырып, бір тұтас дүние ретінде  бейнелеп, кейінгі жұмыстарында да бұл мәселе өз жалғасын тапты.

«Пір»(2009), «Пазырық» (2009) – гобелендерінде тыныштық пен күштілік өлшемі, «Төрт байтерек»(2011), «Төрт байтерек»(2012), - ішкі теңдікті, рухани өмір сұру образын орталық байлам  арқылы байланыстырды.  «Union jack and» (2010),«Два короля» (2011) – әлемдік кеңістік жайлы гобеленінде Самал Ұсентаева өз танымын көрсете білді.

Самал Ұсентаеваның гобелендері - түстер мен бейнелердің үйлесімімен қатар, екі түрлі уақыт тынысы, ұлттық және әлемдік болмыстың  көрсеткіші. Дегенімен, бүгінгі ағым даму үдерісінде ұлттық нақыш пен формалық ізденістер нәтижесіндегі суретшінің көзқарасы өз жұмыстарында айқын көрініп, өзіне тән эстетикалық шешімін тапты. Казіргі заманғы гобелендік өнер әлеміндегі жас буын суретшілер туындыларындағы дәстүрлі құндылықтарымызға қызығушылығын баса айта кеткен жөн. Бірақ бұл дәстүрлі сипаттау деген мағынадан алшақ.  Қазақстандық гобелен өнеріне  жаңа көзқарас келді, жаңа пікір калыптасты. Минимализм ерекшелігі,  гобелен бейнесіндегі ізденіс, қозғалыс, ұлттық таным бұл Самал Ұсентаеваның гобелен өнеріне тән құбылыс.

Ержан  Жұмабек

 

Оцените пост

0