Қазақты сынаушыларға

Амиржан Косанов 2013 M09 16
333
0
0
0

Қазақты сынаушыларғаЖамандау болды бір ермек,Желбуаз сөзге кім шыдар?«Қазақтар пәлен, түген!», - депКөбейіп кетті сыншылар!Өрелі ойлар – төрелі,Уәжді сөзге тоқтайын.Бәлені үйіп-төгеді, Басқада сол...

Қазақты сынаушыларға

Жамандау болды бір ермек,
Желбуаз сөзге кім шыдар?
«Қазақтар пәлен, түген!», - деп
Көбейіп кетті сыншылар!

Өрелі ойлар – төрелі,
Уәжді сөзге тоқтайын.
Бәлені үйіп-төгеді,
Басқада сол мін жоқтайын!

Баталы сөзі – тілегі,
Алдымен менің бабамды ұқ!
Білесіз – қатар жүреді
Жақсылық пенен жамандық!

Бұл ғұмыр – сабы қамшылық,
Уақыт – мықты емшілік.
Қазақта жетер жақсылық,
Және де бірер кемшілік!

Қиялым - өңім, түсім бе?
Қатардан қалмау - бір арман.
Сынай бер қазақ ішінде, -
Тек сөзді сыртқа шығарман!

Бақ құсы болып қонайын,
Алашым – ардақ ұйымым.
Басқаны сынау - оңайың,
Өзіңді сынау – қиының!

Жеңіс те - ұғым мың түрлі,
Түзелген еңбек, төзімнен!
Жақсартам десең ұлтыңды -
Әр қазақ, баста өзіңнен!

Оцените пост

0
Дальше