Қаржы полициясы аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарудың кезекті схемасын әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 12 қыркүйекте Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарады деген күдікпен Артур Кимді ұстады. Оған 2009-2011 жылдары республика аумағында...

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 12 қыркүйекте Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарады деген күдікпен Артур Кимді ұстады.
Оған 2009-2011 жылдары республика аумағында аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсетуге арналған жалған кәсіпорындар құрумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып табылады деген күдік тағылуда.
Осы күні қылмыстық топтың белсенді мүшесі Қалиев Фархад ұсталды. Ол сонымен бірге ҚР ІІМ арнайы есебінде «Адамбаев-Нұралин» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ретінде тіркелген.
Ким мен Қалиевке, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 5 мүшесіне қатысты жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық топтың қызметінен салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала мөлшері 2 млрд.теңгеден астам сомманы құрады.
14 қыркүйекте Ким мен Қалиев сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижесі жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Оцените пост

0