Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:04, 13 сентября 2013

Қазақстандағы С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерінің сәтті сынақ атыстары «Укробороносервистің» жоғары сапалы жөндеу жұмыстарын дәлелдеді

2013 жылғы 5 қыркүйекте Приозерск қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің С-300ПС зенитті-зымыранды кешендері дивизионының жауынгерлік сынақ атыстары жүзеге асты. Аталған кешендер «Укроборонопром» МК құрамына кіретін «Укробороносервис» ММ-де күрделі жөндеуден өткен. 2013 жылғы шілдеде С-300ПС зенитті-зымыранды кешендері Қазақстан Республикасына жеткізілді.

Атыстар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің басшылығымен «Сарышаған» полигонында өткен оқу-жаттығулар шеңберінде өткізілді. Атылған 4 зымыранның бәрі нысанаға дөп тиді.

С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерін сынау кезінде Украинада күрделі жөндеуден өткізілген командалық пункт пайдаланылды. Командалық пункт Украина тарапынан жүргізілген жұмыстардың жоғары деңгейін дәлелдеп берді.

Ә. Жақсыбеков Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін «Укроборонопром» мамандары жүргізген сапалы жөндеу жұмыстарына жоғары баға берді. Ол Қазақстан жағы Украинамен әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендігін де атап өтті.

С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерін сынау 2012 жылы маусымда «Укробороносервис» ММ мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі арасындағы қол қойылған келісімшартты жүзеге асыру шеңберінде жүргізіліп отыр. Келісімшарт С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерінің ресурсын 5 жылға (5 мың сағат) созуды қарастырады. 2013 жылғы ақпанда қазақстандық тарап Украина аумағында алдын ала инспекция жүргізді. Таяу күндері қабылдау актілеріне қол қойылатын болады.

УкрОборонПром

0
237
0