Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:41, 12 сентября 2013

Сочидегі Олимпиадаға бару қазақстандық жанкүйерге 4000 долларға түседі


жанкүйерлер

Сочидегі Олимпиадаға барып, отандық спортшыларға қолдау көрсету үшін қарапайым қазақстандықтан қанша шығын шығатынын Vesti.kz тілшісі есептеді.

Мұндай демалыс қазақстандықтарға 600 мың теңгеге түседі екен. Бұдан да аз шығындалуға болады, алайда ол сіздің Сочиде қанша күн болатыныңызға байланысты. Спорт порталы ойындардың соңғы жеті күніне билет алуға кеңес береді.

Самолетпен «барып-қайту» шамамен 200 мың теңгеге шығады. Басқа уақытта оның бағасы бұдан төмен болар еді, бірақ Олимпиада кезінде бағалар 20-30 пайызға көтеріледі. Ең қолайлысы — Мәскеу арқылы 6-7 сағатта ұшып бару.

Сочи қонақ үйлерінде Ойындар кезінде бір адамға арналған бөлме тәулігіне шамамен 20 мыңнан 45 мың теңгеге дейін көтеріледі. Орташа бағаны есепке ала отырып, бір апта тұру үшін шамамен 200 мыңға жуық ақша шығындау керек.

Олимпиада белгісі бар спорттық киіммен жабдықтау 100-110 мың теңгеге шығады: қысқы куртка — 38 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, бас киім мен мойыншалма — 15мың, жылы шалбар — 15 мың, аяқ киім 20 мың теңгеден басталады. Қыздар 12 мың теңгенің шамасында спорттық сөмкелер сатып ала алады.

Тағы бір маңызды жәйт — спорт жарыстарының билетінің бағасы әр түрлі болады. Ең арзандарын 15-20 мың теңгеге сатып алуға болады. Есептей келгенде, үш немесе төрт жарысты көргеніңіз үшін тағы шашамен 80 мың теңге жұмсайсыз.

Шығындардың соңғы бөлімі тамақ, кәдесый, атрибутикаға қатысты. Оқиғаның дәрежесін ескере отырып, Сочидегі тауарлар бағасы көтеріледі, сол себепті «ұсақ» шығындарға деп кем дегенде тағы 60 мың теңгені алып қойған жөн.

Сонымен қатар, портал ертерек қонақ үйден орын алып, әуе билеттері мен жарысқа кіру билеттерін ерте қамдауға кеңес береді. Шараның жабылу салтанатына қатысу үшін 30 мың теңге төлеу қажет, алайда бір ескеретіні, бұл шараға билеттер қалмады десе де болады.

Жоғарыда айтылғандардан қорытынды шығарсақ, түк алмай, құр барып, ойынды бір апта тамашалап қайтамын десеңіз, 600 мың теңге жетіп-артылады.

Ақпанның 16-сы мен 23-і аралығында тек қазақстандық спортшыларды қолдап қана қоймай, әлемдік спорт жұлдыздарының өнерін тамашалауға болады. Қазақстандықтардан осы аралықта шаңғышы Алексей Полторанин, биатлоншы Елена Хрусталева, конькиде сырғанаушылар Денис Кузин мен Екатерина Айдова қатысады. Бұл спортшыларды сарапшылар медальға үміті барлар санатына қосып отыр.

Шыны керек, мұндай жағдайда сіз жүлде үшін мәнерлеп сырғанаушылар арасында Денис Теннің қалай өнер көрсететін көре алмайсыз, деп хабарлайды спорттық сайт. Алайда Денис Тен жүлдегер атанса, оның қатысуын Гала-концерттен көре аласыз. Ал Ойындардың соңғы 23 ақпан күні ерлер арасында хоккей турнирінің ақтық сыны өтеді.

Еске сала кетсек, Сочидегі қысқы олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өтеді.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
197
0