Қазақстандық Әуе шабуылына қарсы әскерлердің әскери қызметшілері бірлескен оқу-жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті

МО РК 2013 M09 12
216
0
0
0

Ресей Федерациясының Ашулук полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі аяқталды. Осы жылдың 13 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында өткізілген ТМД Әуе шабуылына...

Ресей Федерациясының Ашулук полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі аяқталды. Осы жылдың 13 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында өткізілген ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері біртұтас жүйесінің оқу-жаттығуларына Ресей Федерациясы, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларынан 4 мыңға жуық әскери қызметші қатысты.

Ашулук полигонында авиацияның коалициялық топтары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін ұжымдық қауіпсіздік аймағында террорға қарсы іс-қимылдар мен қарулы қақтығыстар кезінде бірлесіп қолдану шаралары пысықталды.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында қазақстандық әуе шабуылына қарсы әскерлер «Жауынгерлік достастық-2013» оқу-жаттығуларының дербес эпизоды ретінде Қазақстан мен Қырғызстанның авиациялық коалициялық топтары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін басқару мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтаған болатын. Қазақстандық Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері нақты әрі сауатты жүргізілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше