Астанада велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр

Kazsport agent 2013 M09 11
204
0
0
0

Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық...

велоспорттан Қазақстан чемпионаты
Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген командалар қатысуда. Дүбірлі додаға 100-ден астам спортшы жиналды. Соның ішінде 23 адам елорданың намысын қорғайды.

Чемпионат «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтуде.

Жарыс күн сайын сағат 15.00-де, ал 14 қыркүйекте бағдарлама сағат 10.00-да басталады. Марапаттау рәсімі және жарыстың жабылуы сағат 13.00-де өтеді.

   
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 

Оцените пост

0
Дальше