Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Kazsport agent 2013 M09 11
219
0
0
0

Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш...


дойбышы

Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа әлемнің 14 елінен жас ерекшелігіне қарай 184 дойбышы қатысты. Батыс Қазақстан облысынан 4 спортшы барды. Соның ішінде 2003 жылғы Әділхан Мирам 10 жасқа дейінгілер арасынан классикалық дойбыдан үшінші орынға ие болды. Бапкері — Данияр Жұмагелдиев.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0
Дальше