Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:44, 11 сентября 2013

Жылжымалы үгіт пункттері – қазақстандықтарды келісімшарт қызметіне тартудың тиімді жолы

Blog post imageҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қарулы Күштерді запастағы офицерлермен, сержанттармен және қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қорғаныс министрлігіндегі басты бағыттардың бірі.

Министрлік бүгінгі таңда Қарулы Күштерді саны емес сапасы жағынан мықты   әскери қызметшілермен жасақтауды мақсат етіп отыр. Бұл күндері республиканың барлық облыстары мен ірі қалаларында жылжымалы бекеттер үгіт насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.
Жуырда Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті кезекті жылжымалы үгіт-насихат пунктін іске қосты. Келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пункті халық көп жиналатын «BIG Шанхай» сауда орталығынан орын тепті. Мұнда департамент қызметкерлері жұртшылықпен кездесіп, азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге үндейтін болады.
Бүгінде Армия туралы, әскери қызметтің шарттарын жұртшылыққа түсіндіре алатын Қарулы Күштердің өкілдері халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті.
Департамент қызметерлерінің айтуынша келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірушілер саны артып келе жатқан көрінеді.
2013 жылғы 16 тамыздан бастап жылжымалы үгіт пункттері «Керуен», «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталықтарында жұмыс істегенін еске саламыз. Осы уақыт аралығында 150-ден астам жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге ниет білдірсе, олардың ішінен 78 кандидат таңдап алынды. Ағымдағы жылғы 12 қыркүйектен бастап жылжымалы үгіт пункті  Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалында өз жұмысын жалғастыратын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
314
0