Жас офицерлер Әскери әуе күштеріне қызметке келді

МО РК 2013 M09 11
277
0
0
0

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдары   әскери оқу орнын бітірген түлектермен толықты. Қазақстанның, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери оқу орындарын...

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдары   әскери оқу орнын бітірген түлектермен толықты. Қазақстанның, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери оқу орындарын бітірген 44 лейтенант Талдықорғандағы авиациялық базада жас офицерлердің оқу жиынына қатысты.

 


   

Жас офицерлер дене және атыс дайындықтары бойынша дайындықтан өтіп, мемлекеттік-құқықтық дайындық, Жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құпияларды қорғаудан лекциялар тыңдады. Жиында алған білім мен тәжірибе  жас офицерлердің ертеңгі әскери қызметіне пайдасын тигізері сөзсіз.

   

Сондай-ақ, жаңадан келген әскери қызметшілер моральдік-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында психологиялық тестілеуден өткізілді.

   

Жиынға Әскери әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев басшылық жасады, ол жас лейтенанттарға қызметтеріне табыс, өз мамандықтарының ерекшеліктерін толық меңгерулерін тіледі.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше