Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:51, 10 сентября 2013

Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатына билеттер онлайн режімде сатыла бастады

Blog post image
Бүгін ересектер арасында бокстан әлем чемпионатына билеттер онлайн режімде сатыла бастады. Аталған байрақты бәсеке 14-26 қазан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Билеттер арнайы дайындалған Қазақстан бокс федерациясының сайтында (tickets.kfb.kz) сатылуда. Төлемді банк картасы арқылы жасауға болады.

Ал билеттерді касса арқылы сату 16 қыркүйектен бастап Алматының сауда орталықтарында және жарыс өтетін Спорт сарайында жүргізіледі.
Айта кетейік, чемпионатқа әлемнің 118 елі қатысатындығын қуаттады. Демек, Алматы шаршы алаңында әлемнің 580 спортшысы жұдырық түйістіретін болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
234
0