Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:28, 08 сентября 2013

Виталий Кличко 2014 жылы спорттық мансабын аяқтайды


Виталий Кличко

Бокстан WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко кәсіпқойлар арасындағы спорттық мансабын 2014 жылы аяқтауы мүмкін.Бұл туралы РБК хабарлайды. Ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының өкілі Том Леффлердің айтуынша, Виталий Кличко енді спорттық ғұмырында бір ғана кездесу өткізуі ықтимал. Чемпиондық атаққа үміткер канадалық Бермейн Стивернге қарсы жекпе-жегінде украиндық осы атақты қорғап қалу үшін шаршы алаңға соңғы рет көтеріледі. Виталий Кличко бұған дейін 2012 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде шаршы алаңға шыққан, ол кезде Мануэль Чаррды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Украиндық боксшы барлығы 47 кездесу өткізсе, оның 45-ін (41 нокаутпен) жеңіспен аяқтады. Екі рет жеңілістің ащы дәмін татқан — 2003 жылы Леннокс Льюистен және 2000 жылы Крис Бердтен. Бұған дейін хабарланғандай, «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко 2015 жылы президенттік сайлауға түсуді көздеп отыр. Айта кетейік, Виталийдің інісі Владимир 5 қазан күні Мәскеуде ресейлік Александр Поветкинге қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
175
0