Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:00, 06 сентября 2013

Самара облысының чемпионатынан батысқазақстандық парашютшілер жеңіспен оралды


батысқазақстандық парашютшілер

Самара қаласындағы «Бобровка» әуежайында халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Коротковты еске алуға арналған парашютті-атлетикалық көпсайыстан өткен облыстың 15-ші ашық чемпионатынан батысқазақстандықтар табыспен оралды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа 8 команда құрамында 26 ер, 12 әйел спортшы қатысып, парашютпен секіруде дәл түсуден, пневматикалық винтовкадан нысана көздеуден және жеңіл атлетикалық кростан сынға түсті.

Құрамында Михаил Землянушин, Дмитрий Недопекин, Илья Китин, Надежда Овчинникова, Александра Ларина бар батысқазақстандықтар 3 алтын, 3 күміс, 8 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға көтерілді.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
144
0