Брест қамалында «Бірге — зор күшпіз» автомотожорығы басталды

Kazsport agent 2013 M09 5
154
0
0
0

Сәрсенбі күні, 4 қыркүйекте, Брест қамалында ҰҚШҰ құрылуының 10 жылдығына арналған «Бірге — зор күшпіз» атты автомотожорық басталды, деп хабарлады Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир...


Сәрсенбі күні, 4 қыркүйекте, Брест қамалында ҰҚШҰ құрылуының 10 жылдығына арналған «Бірге — зор күшпіз» атты автомотожорық басталды, деп хабарлады Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.

Байкерлер Александр Бордюжа, Алексей Наздратенко және Александр Косарев «Омбы телевизиялық компаниясы» өкілдері еріп жүретін командамен бірге ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бойынша Бреестіден Душанбеге дейін 10 мың шақырымнан астам жерді жүріп өтпекші.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа автожорықтың басталуына арналған саллтанатты рәсімде: «Біз бүгін ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бойынша мотожорықты бастап отырмыз. Колонна Ресей Федерациясының, Қазақстанның шекарасын, Қырғызстан аумағын басып өтіп, Тәжікстан таулары арқылы техникаларды шекаралық әскерлерге тапсыру салтанатымен жорықты аяқтайды», — деді.

Н.Бордюжа «Бірге — зор күшпіз» аталатын автомотожорық ұраны сонымен қатар ҰҚШҰ ұраны екенін де атап көрсетті. «Бұл сөздер Ұйымға кіретін мемлекеттердің егемендігін, ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі біздің қызметіміздің мәнін айқындайды. ҰҚШҰ құру астарында да осы идея жатыр. Соңғы жылдар оқиғалары ұжымдық күш-жігермен ғана ұлттық мүдделерімізді қорғауға боатындығын көрсетті», деді ҰҚШҰ Бас хатшысы. Ол жорыққа қатысушыларға сәт- сапар тіледі.

Брест облыстық атқару комитетінің төрағасы Константин Сумар автомотожорық өтіп жатқан бүгінгі ұран бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті. Митинг Брест гарнизонының әскери қызметшілерінің салтанатты шеруімен аяқталды.

Автомотожорық қатысушылары Кеңес Одағының Батыры Андрей Кижеватов атындағы шекаралық заставада болып, батырдың монументалдық мүсініне гүл шоқтарын қойды, Брест шекара заставасының пайда болуы туралы баяндайтын мүзейде болды. 1975 жылы осы жерде Беларусь Президенті Александр Лукашенко әскери қызмет атқарған екен. Байкерлер сондай-ақ жергілікті спорт кешендерін аралап көрді.

Мотожорық ауқымында келесі үлкен шара Минскіде Беларусь Президентімен кездесу болмақ.

 

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0
Дальше