место в рейтинге
  • 955132
  • 1002
  • 38
Нравится блог?
Подписывайтесь!

АСТАНА БИОПАРКІ (М.Құрсабаев)

АСТАНА БИОПАРКІ АКВАТОРИЙІН САҚТАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жобалар сайысына арналған зерттеу жұмысы

tc ""

Қазақстан Республикасы

Астана қаласы білім депертаменті

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Бағыты: Қазақстандағы тарихи ескерткіштер мен туристік маршруттар

Секциясы: «Өлкетану» бөлімі

Тақырыбы: Астана биопаркі акваторийін сақтау мен дамытудың

экологиялық алғышарттары

Орындаған: Астана қаласы №57 орта мектептің 8 сынып оқушысы

Ғылыми

жетекшілер:

Астана

2010

МАЗМҰНЫ

1. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ .............. 6

ІІ. КІРІСПЕ .................................................................................................. 8

ІІІ. АСТАНА ҺӘМ АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ .................................................................................................... 10

ІҮ. АСТАНА БИОПАРКІ АКВАТОРИЙІН САҚТАУ МЕН

ДАМЫТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .......................... 12

Ү. ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................... 20

ҮІ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................ 22

«Астана биопаркі акваторийін сақтау мен дамытудың

экологиялық алғышарттары» атты (ғылыми жетекшісі) зерттеу жұмысына

ПІКІР

Зерттеу жұмысы жалпы Астана қаласы тарихы тұрғысынан алғанда тың тақырыптың бірі деуге болады. Алда келе жатқан тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойы қарсаңында орындалып, зерттеліп һәм зерделенген аталмыш еңбек, айтулы оқиға жеке үлесін қоса алады деген сенімдеміз.

Еңбектің Астана қаласы №57 орта мектеп оқушылары ғылыми қоғамы мүшелері тарапынан қолға алынуы және біздің тарапымыздан осы кезеңге дейін Астана биопаркін сақтау мен қорғау мәселелеріне арналған еңбектерімізді басшылыққа алып, өз кезегінде оны одан ары терең зерттеуді көздеген жас өскіндердің мұндай әрекеттері аса құптарлық іс. Астана қаласы аймағы, дәлірек айтқанда «Хан шатыр» ғимаратының жанында орналасқан көлшіктің мегаполис инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде сақталуының жалпыадамзат құндылықтар тарапынан қарастырылуы кеңірек тұжырымдалғанда, еңбектің құндылығы арта түсер еді деп ойлаймыз.

Зерттеу барысында автордың ғылыми ізденуі мен талпынысының танымдық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми терминдер мен библиографиялық атауларды, терминдік анықтамалар мен қағидаларды пайдалану мен зерттеу талабына сай қолдану тәртібі сақталған.

Жұмыстың мазмұндылығын, сипаты мен өзектілілігін айқындайтын көріністің бірі – жас ұрпаққа жергілікті жердің өлке тарихын терең біліп-меңгеруде патриоттық тәрбие мен білім беруге көмекші құрал бола алатыны дер едік. Қорыта айтқанда, аталмыш еңбекті оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына ұсынуға болады деген тілек білдіреміз.

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

«Көкше» Академиясының доценті М.Қ.Құрсабаев

1. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты

- Астана қаласы аймағында орналасқан трофты һәм қамысты көлшік акваторийі һақында толық мағлұматтар беру;

- Көлшік акваторийінің қала инфрақұрылымы мен мегаполистік жағдайындағы табиғи баланс қалын сақтау мен дамытудың экологиялық алғышарттарын айқындау;

- Бүкілқазақстандық «Атамекен» бағдарламасының «Заманай-Экология» бағыты бойынша танымдық-тағылымдық һәм шығармашылық-әдістемелі жұмыстар жүргізу;

- Астана биопаркінің ерекше табиғи көрінісі һәм акваторий аумағындағы териофауна, орнитофауна, ихтиофауна, зоопланктондар және өсімдік-топырақ жамылғысы һақында толық сипаттама беру;

Зерттеудің гипотезасы

Астана биопаркі акваторийінің ауқымды мегаполис инфрақұрылымының бір бөлегі ретіндегі ерекше табиғи көрінісінің айрықша экожүйе екендігі ғылыми тұрғыда тұңғыш сараланып, толық дәйектемелер келтірілді.

Жобаның зерттелу үрдісі мен кезеңдері

Аталмыш жоба ғылыми-зерттеу жұмыстарының талаптарына сай зерделеніп, саралану барысында бірнеше кезеңдерді қамтыды.

Алғашқы кезең ( 2009 ж. наурыз ):

- Зерттеу тақырыбына қатысты материалдар мен ақпараттар жинастыру;

- Ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстарының библиографиялық анықтамалығын жасау, оқып-танысу;

- Зерттеу жұмысының тақырыбын айқындау;

Негізгі кезең ( 2010 ж. шілде)

- Зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты әртүрлі материалдар жинастыру;

- Тақырып проблемасына жақын зерттеушілердің еңбектерімен танысу және қорытынды шығару, талдау жасау;

- Ғылыми жобаның жалпы проспектісін айқындау;

Қорытынды кезең (2010 ж.қыркүйек)

- Жинақталған материалдар негізінде зерттеу жұмысының сұлбасын жасау;

- Ғылыми талаптар мен ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып зерттеу жұмысын бір жүйеге келтіру;

- Қосымша материалдар жинастыру;

Зерттеу жұмысында эксперимент әдістерінің қолданылуы

Зерттеу барысында сауалдама, бақылау, статистикалық ақпараттар жинақтау, ауа райын бақылау, туристік-өлкетану, фото-видео құралдарын пайдалану, сұрақ-жауап және басқа эксперименталдық әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы мен іздену деңгейі

Автордың аталмыш проблемалар жөнінде ғылыми-шығармашылық ізденуі нәтижесінде, Астана һәм Ақмола өңірінің әлеуметтік-географиялық жағдайы жөнінде сипаттама беріліп, Сарыарқа төсіндегі Астана қаласы орталығында орналасқан биопарк акваторийі туралы ғылыми тұрғыда баға беріліп, оны одан ары терең зерделеудің және мемлекеттік тұрғыда қорғалудың бағыттары айқындалды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері

Зерттеу барысында Астана һәм Ақмола өңірінің әлеуметтік-географиялық жағдайы һақында көлемді материалдар жинақталды. Нәтижеде Қазақстан экология ғылымының бұрын үлкен мән бермеген тұстары жөнінде толығырақ мағлұмат беретін құнды материалдар топтпстырылды.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы

Зерттеу барысында жинақталған деректер мен статистикалық мәліметтер Қазақстан тарихы пәні һәм туған өлке шежіресі һақында мол мағлұматтар беретін көмекші дидактикалық-әдістемелік құрал және мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарына, жастар мен балалардың қоғамдық ұйымдарында, сыныптан тыс және факультативтік сабақтар жүйесіне ендіруде аса қажет.

ІІ. КІРІСПЕ

Өз алдына дербес геосаясаты һәм экономикалық даму стратегиясын таңдаған Қазақ елі бүгінде көне дәуірден бастау алған этномәдени мұраларын өскелең ұрпақтың игілігіне айналдыруды басты міндеттердің бірі ретінде санауда. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ХХІ ғасырдың басындағы ауқымды құбылыстардың бірі болып табылатын ғаламдық жаһандану кеңістігіне ену барысында өзінің дербес экономикалық жүйесін құрумен қатар, көне заманнан бастау алған ата тарихы һәм рухани-мәдени мұраларын қайта жаңғыртуда.

Халық қазынасының баға жетпес құнды дүние екені жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан-2030» бағдарламасы һәм Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасында ерекше атап көрсетілген. Демек, мемлекеттік геосаясатымыздың негізгі нысанасы болып табылатын егеменді еліміздің болашақта әлемдегі дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарында болуы үшін халқымыздың әл-әуқатының жақсаруына, өндіріс орындарының жедел модернизацияланып бесекелестік қабілетіміздің артуына, өнеркәсіп пен кәсіпорындардың өркендеуіне бір кісідей үлес қосуды басты мақсат етуіміз – бүгінгі білім мен тәрбиенің өзекті мәселесі болғаны шарт.

Бүгінгі таңда еліміздегі аса күрделі мәселелердің бірі - ол экологиялық проблемалар екені анық. Экологиялық проблемалардың әлемдік тұрғыда глобалдық масштабты қамтуы мемлекет пен бұқара халықтың назарын өзіне аударуда.

Евразия материгінің ортасында орналасқан тәуелсіз Қазақстан жеріндегі бүгінгі экологиялық ахуал уақыт өткен сайын нашарлай түсуде. Оған дәлел ретінде Арал теңізінің ауыр халі мен табиғат ресурстарын тиімсіз һәм сауатсыз пайдаланған көптеген кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізіп жатқан зиянды әрекеттерін айтсақ жеткілікті. Әсіресе, Каспий теңізі бойындағы жер қойнауынан мұнай өндіруші кәсіпорындардың, Теміртау, Өскемен, Балқаш қалаларындағы ірі кен орындары мен кәсіпорындардың атмосфера мен гидросфера қабаттарын аяусыз ластап жатқаны - қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы жаңа технологиялардың пайда болуына зор ықпалын тигізді. Ол үрдіс экономикалық дамудың модернизациялануына әкеліп соғуда.

Дегенмен, аталмыш экономикалық реформалардың белең алуы заңды құбылыс екенін атай отырып, болашақта шикізат пен өнім өндіру барысында, жаңа технологияларды енгізумен қатар экологиялық қауіпсіздік мәселесін ескеру қажет екенін естен шығармаған азбал. Осындай жауапты кезеңдерде баршамызға экологиялық білім мен таным аса қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Экологиялық білім мен тәлім - тәрбиенің алғашқы әліппесін біз өзіміздің тұрғылықты жеріміздегі табиғи ортамызда болып жатқан әр алуан экологиялық құбылыстарға терең назар аударудан бастағанымыз дұрыс деп санаймыз. Бүгінде әр жас ұрпақ өкіліне заман талаптарына сай жаңа ақпараттар һәм танымдық технологиялар жетістіктерін игерумен бірге экологиялық білім алу қажеттілігі туып отыр. Бұл орайда, Ақмола өңіріндегі астықты алқаптардағы галофиттілігі жоғары дәнді-дақылдардағы агроэкологиялық мәселелер жөнінде зерттеу жүргізу қажет деп санаймыз.

Ақмола еліміздің астықты аудандарының бірі. Аймақта ірі кәсіпорындармен қатар агрокешендік нысандар бар. Ғалымдардың, пікірінше астықты аймақтарда, жердің гумусты қатпарын тиімсіз пайдаланғандықтан, тіпті кейде ол шірінді қабаттың мүлде жойылып кетуі – аталмыш жердегі топырақ жамылғысының биохимялық құрамының өзгеруіне әкеліп соғуда. Ондай жерлердің пайда болуының алғышарттары көп. Оған табиғи ортадағы климаттық өзгерістер, ғаламдық жағдайдағы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, ауа райының құбылмалы болуы, сондай-ақ жер қыртысын пайдалану барысында, өңделген жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары дұрыс қарастырылмаған және басқа да экологиялық мәселелерге байланысты.

Аталмыш дүниелердің шын мәнісінде халық игілігіне айналдырудың шешімді жолдарының бірі – жас ұрпақтың ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған қасиетті жеріміздің табиғатын, экологиялық әралуандылығын бүгінгі заман талаптарын қанағаттандыра отырып терең оқып-тану, қастерлеу, аға ұрпақтың тәжірибелеріне сүйене отырып кешенді зерделеу болмақ. Біздің ойымызша жалпыға ортақ бүгінде жоғарғы мінбелерден жиі айтыла бастаған қазақстандық патриотизм идеясын жас ұрпақтың санасында қалыптастыру үшін ел мен жердің сәулетті болашағын көксеген әр азаматтың өзі мекен еткен туған жеріндегі діни-рухани һәм тарихи-мәдени мұраларды жан-жақты зерттеп, өткен тәжірибелерді жинақтап, толықтырып ерен ғылыми-шығармашылық еңбегі арқылы көрсете білуі абзал демекпіз.

Осы айтылған дүниелердің шын мәнісінде іс жүзіне асуының нақты бір көрінісі әрбір жас ұрпақ өкілінің туған өлкесіндегі көне дәуірден жалғасып келе жатқан рухани қазыналары һәм мәдени мұраларын, сондай-ақ тарихи-этнографиялық маңызы бар ескерткіштерді, жазба деректер мен археологиялық жәдігерлерді терең біліп, оны тәжірибелі ғалымдар мен мұғалім-педагогтардың көмегі, ақыл-кеңесі арқылы мұқият зерттеуді басты мақсат еткені – өз елінің қарыштап дамуына деген қомақты үлес болып табылады. Сондықтан көпшіліктің назарына ұсынылған аталмыш ғылыми зерттеу туған ортамыз, атап айтқанда Астана қаласы аумағында орналасқан биопарк акваторийін сақтап қалуға арналғанын тұжырымдай келе ғылыми-зерттеу тақырыбымыз аталмыш мәселелерге негізделе отырып «Астана биопаркі акваторийін сақтау мен дамытудың экологиялық алғышарттары» деп айқындалды.

ІІІ. АСТАНА ҺӘМ АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ

Астана һәм Ақмола өңірі – республикамыздың солтүстігін алып жатыр. Бұл жерде қазақтың ұсақ шоқысы, Теңіз ойысы, Атбасар даласы, Есіл-Нұра аңғарлары мен су бассейндері, Теңіз-Қорғалжын қорығы мен «Көкшетау» ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ жазық егістік алқаптармен шектескен Бурабай, Сандықтау, Зеренді оазистері бар. Жердің рельефі негізінен жазық, шоқылы, ал климаты шұғыл-континентальді болып келеді. Қыс айларындағы орташа температура – 14 және – 18 болса, жаз айларында + 20 және +24 С көрсеткіштерімен анықталады. Климаттың жер бетіне әсері негізінен Күн радиациясының өңірдегі өсімдік-топырақ жамылғысына кедергісіз мол жылуын беруі арқылы сипатталады. Күннің жылуы жыл бойына 2200 сағат жылуын шашса, оның көп бөлігі шілде айына келеді. Сол себепті күн радиациясыының шашыранды күйінде – 52 ккал/см.кв, ал тура радиация бойынша – 112 ккал/см.кв. болып келген жағдай – жазық жерлердегі топырақ бетін тез қыздырып, көп жағдайда, құрғақ ландшафтының қалыптасуына ұйытқы болады.

Бұл өңірдегі атмосфералық ауа массалары негізінен арктикалық, полярлық және аз мөлшерде тропикалық ауа қозғалыстары арқылы қалыптасады. Бұл құбылыс жылдың суық мезгілінде Азиялық антициклонның батыс тармағы ықпалына тәуелді болады. Бұл көрініс қыс уақытында көбінесе ашық ауа райын қалыптастырғанымен, көктем уақытында антициклондық құбылыс бұрқасынды ауа райының пайда болуына әсер етеді. Осыдан жер беті мен ауа қабатының жылы кезеңдердегі ұзақтығы – 194-200 күн, ал суық кезеңдерде 163-171 күнге созылады. Жылдың ашық күндері 105-130 күнге созылады. Ауа қабатының салыстырмалы түрдегі жоғарғы ылғалдылығы қыс айларында (80-82%) байқалады. Ал, мамыр-маусым айларында ауа ылғалдылығының көрсеткіші 54-56 % төмендейді.

Жаз айларында жылдық жауан-шашынның орташа мөлшері солтүстікте – 35-50 мм, ал оңтүстігінде – 220-300 мм болады. Жауын-шашынның ең төменгі көрсеткіші қыста (ақпанда) – 23 мм, жазда (маусым) – 54 мм-ге жетеді. Өңірдегі ауа массаларының антициклондық әрекеті ауаның қозғалысын реттейді. Бұл құбылыс қатты бұрқасын, боран және жел әкеледі. Наурыз айында желдің бағыты 6,2 м/сек болса, желтоқсан айында 5,8 м/сек жетеді. Ауа райының құбылмалығы кей жағдайлардың жел бағытының 36 м/сек дейін жететіні жөнінде құбылыс байқалған. Қыс айларында желдің пайда болуына солтүстіктен қалыптасқан Сібір антициклонының батыс тармағы әсер етеді.

Аласа төбелі немесе шоқылы рельеф Көкшетау қыратында орналасқан. Олардың биіктігі 400-500 м шамасында. Есіл бойынан оңтүстік-шығысқа қарай негізінен астықты алқап болып саналатын жазық – Атбасар даласын қамтыса, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатындағы Құлынды даласымен шектесетін Сілеті жазығына ұласады. Оңтүстік бөлік негізінен Теңіз-Қорғалжын ойпатын құрап, ойыс һәм жазық болып келеді.

Өңірдің орталық рельефі басқа жерлермен салыстырғанда неғұрлым биік болып келеді. Бұл жерлердегі жердің рельефі 500-600 м-ге дейін жетеді. Өңғір пайдалы қазбаларға бай. Онда алтын, күміс, боксит, мыс, кварц және басқа қазбалар қоры жеткілікті.

Ақмола өңіріндегі ерекше табиғат құбылыстарының бірі – ол жер бетінің тым құрғақ болуы. Мұндай көрініс құрғақшылықты қалыптастырады. Статистикалық деректерге сүйенсек, құрғақшылық өңірде 1955, 1957, 1961, 1965, 1967, 1984 жылдары болған.

Қыс айларында жауған қардың ұзақтығы 120-150 күнге созылады. Ол шамамен 5-5,5 айға созылады. Қардың қалыңдығы кей жерлерде 20-22 см барады. Көктем айы наурыз айының аяғына таман өз күшіне ене бастайды. Қардың еруі наурыздың-сәуір айы болса, оның толық еруі мамыр айының ортасына дейін созылады. Көктем айларында ауа температурасының 0 С дейін төмендеуі жиі байқалады.

Ақмола өңірінде 4 климаттық аудан бар. Олар:

1. Орташа құрғақ

2. Қоңыржай жылы климат

3. Құрғақ

4. Жылы әрі құрғақ климат

Орташа құрғақ және қоңыржай жылы климат өңірдің Макинка, Бұланды, Балақашын, Ақкөл, Астрахан, Шучье аудандарының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жылдың жылы мезгілінде бұл жерде 190-200 мм дейін жауын-шашын түседі. Дәнді-дақылдардың жылдық орташа ылғалдылығы 60% дейін жетеді. Аймақта 10 С температурада себілген дақылдар 135 күннің ішінде жетіледі.

Жылы әрі құрғақ климатты аймақ Макинка, Балақашын аудандарының өңтүстігін, сондай-ақ Атбасар, Аршалы, Қорғалжын аудандары мен Шортанды, Астрахан, Еңбекшілдер ауданының оңтүстік-шығыс бөліктерін қамтиды. Агроклиматтық көрсеткіштерег қарағанда дәнді-дақылдардың ылғалдылығының сақталуы бұл жерде 40% дейінгі көрсеткіштермен анықталады. Жылы мезгілдердегі жауын-шашын мөлшері 150-160 мм. Сол себепті бұл жерде арпа, бидай, жүгері және басқа жемістер егуге қолайлы.

Құрғақ климатты аймаққа Атбасар ауданының оңтүстігі, Аршалы, Астрахан аудандарының оңтүстік-батыс бөлігі, Ерментау, Еңбекшілдер, аудандарының солтүстік-батыс және Қорғалжын ауданының оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Дәнді-дақылдардың ылғалдылығы арнайы тыңайтқыштар қолдану арқылы 40% көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік бар. Жауын-шашынның мөлшері 125-130 мм. Бұл жерлерде негізінен мал шаруашылығы дамыған [1-кесте].

Өңірде 4000 астам көлдер бар. Оларға Қорғалжын, Теңіз, Қожакөл, Шолақшалқар, Ұялышалқар, Үлкен Шабақты, Итемген, Мамай көлдері жатады. Гидросфера ресурстарында өзен арналарының үлесі мол. Оларға: Есіл, Нұра, Сілеті, Қылшақты, Кедей, Колутон, Терісаққан, Ақмырза, Сарқырама өзендері жатады.

Ақмола өңіріндегі топырақ зоналары ұзыннан созылған екі алқапты құрайды. Әр алқапта бірнеше топырақ түрлері кездеседі. Оларға қара топырақты, каштан, қара каштан, және ашық каштан топырақтар жатады. Қара топырақты алқап негізінен солтүстік бөлікті алып жатыр. Алқаптың жалпы ауданы 487,6 мың га. Оның 90% бөлігінде дәнді дақылдар себілген. Топырақтың гумустық тығыздығы 50-70 см жетеді. Ондағы кальцидің құрамы 70-80%. Көп бөліктерінде фосфордың құрамы аз болғанымен, керісінше калий мен азот құрамы жоғары. Аласа төбелі шоқылар маңындағы қара топырақтар эрозияға ұшыраған.

Құрғақ жерлердегі қара топырақ ауданы 2556,5 мың га. Ондағы гумустың қабаты 45-50 см.. Топырақ құрамындағы гумустың мөлшері 5%. Мұндағы егістік алқаптар 85 % құрайды. Аймақтағы топырақ қабатындағы 100-130 см бөліктерінде тұзды қабаттар кездеседі. Ол қабаттар оңтүстікке қарай топырақ бетіне жақындай түседі. Топырақ құрамында бойынша сіңірілген магний мен натрий элементтері басым. Су алабына жақын орналасқан топырақтарға гидросфера жүйесімен қатар жел әсері арқылы эрозияға ұшырататын көрністер бар. Ол жерлерге азат пен фосфор элементтері бар тыңайтқыштар себу тиімді. Қара топырақты жерлер, әсіресе шоқы-төбелерге жақын маңдарда тұз аралас қара топырақты жерлер кездеседі.

Аймақтағы 51 градус солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай қара топырақ қара каштанға айнала бастайды. Оның жалпы ауданы 7340,3 га. Ондағы гумустың горизонты 35-45 см-ге жетеді. Топырақтағы гумустың құрамы 3-4% болып табылады. Топырақтың құрамында, оның басқа зоналармен салыстырғанда магний мен натрий элементтері көптеп кездеседі. Қара каштан топырақ өңірдің гумусы төмен шығыс аймағындағы алқапта кездеседі. Бұл жерде өсетін дақылдар мен өсімдіктерге фосфорлы элементтерді сіңіру жетіспейді. Сондықтан, аталмыш маңдағы өсімдік жамылғысына алдын-ала сақтандыру агротехникалық шараларын қарастыру керек. Топырақтың мұндай жағдайға душар болуы оның тығыздығын арттырады. Сол себепті, жоғарыда айтылған агротехникалық шараларды қарастыру барысында топыраққа еріген қар суы мен жауын-шашын мөлшерінің барынша сіңірілуіне жағдай жасау керек.

Жай каштан топырақ өңірдің оңтүстік бөлігін қамтиды. Оның ауданы 2508,9 мығ га. Алқаптың 70% дәнді-дақылдар өсіруге қолайлы. Топырақтағы гумус қалыңдығы 30-40 см, ондағы гумус құрамы 2,5% көрсеткішпен анықталады. Көп жерлерде топырақ жамылғысы тығыз орналасқан, арасында тұз араласқан жерлер жеткілікті. Астық өсіру алқабында топырақ жамылғысының басым көпшілігін тұз аралас бөліктер алып жатыр.

жерлерін дәнді дақылдар егуге жарамды болуы үшін академик А.И.Бараев бастаған ғылыми тәжірибелер кеңінен қолданылуда. Аталмыш агроэкологиялық Ашық каштан топырақ Ақмола өңірінің қиыр оңтүстік алқабын алып жатыр. Оның ауданы 472,2 мың га. Бұл зонадағы климат өте құрғақ болғандықтан топырақ жамылғысының көп жері тұзаралас сор жер болып келеді. Бұл жерде егін шаруашылығын дамыту тиімсіз деп саналады. Жердің тұз басқан проблемаларды шешу үшін ол жерлерге арнайы тыңайтқыштар себіліп, топырақ жамылғысының құнарлығын арттыратын көпжылдық өсімдіктер өсіріліп және басқа мелиорациялық шаруашылық әрекеттері жасалуда.

Топырақ зоналарының жоғарыда айтылған әр түрлі қабаттардан құралуы аймақтың өсімдік-топырақ жамылғысының ерекшелілігін айқындайды. Ақмола аймағы негізінен орманды дала және көп бөлігі дала зонасын алып жатыр. Бұл жерде өсімдіктің 830 түрі өседі. Эндемикалық өсімдіктерге қайың, қарағай, мойыл, астрагал жатады. Теңіз-Қорғалжын қорығында Қызыл кітапқа енген адонис, арша, қызғалдақ, марьин пионы өседі.

Ақмола өңірі жануарлар дүниесіне бай. Онда жабайы аңдардың 55, құстардың 180, сирек кездесетін аңдардың 8, балықтардың 30 түрі бар. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енген және реликтілер тобына архар, ақ құр, қырғауыл, қара тоқылдақ, ителгі, фламинго жатады.

Орманды алқап өңірдің 209,3 мың га жерді алып жатыр. Олар экологиялық көрсеткіштер бойынша 1-топқа жатады. Орман көп жағдайда топырақ эрозиясын болдырмаудың негізгі объектісі болып отыр.

Ақмола өңірі Қазақстандағы аса ірі астықты аймақтардың бірі. Астық өндіруден аталмыш өңір республикадағы 19% құраса, мал шаруашылығы бойынша 10% көрсеткішті құрайды. 1992 жылдары 3,9 млн.га жерге түрлі дәнді дақылдар мен жемістер отырғызылды. Нәтижеде мемлекетке 2233,3 мың тонна астық тапсырылды.

ІҮ. АСТАНА БИОПАРКІ АКВАТОРИЙІН САҚТАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Киелі Сарыарқа даласының төсінде орналасқан Елордамыз - Астана шаһары уақыт өткен сайын гүлденіп, жұмыр Жердің түпкір-түркірлеріне мәлім болып келеді. Оған тәубәшілік етеміз.

Әрине, қала инфраструктурасының басқа аймақтармен салыстырғанда аса интенсивті дамып келе жатқанына қуана көз салғанымызбен, жалғыз біз емес сонымен бірге көпшіліктің көкейінде жүрген бір мәселені айтуға тура келді.

Ол - Есілдің сол жағалауындағы оңтүстік-шығыс алқапта орналасқан батпақты-шалғынды оазис болып табылады. Оазис, немесе биопарк акватоийі жуықтап алғанда 100 га жерді алып жатыр. Оның шығыс бөлігі «Хан шатыры» ғимаратымен шектессе, солтүстік-шығыс бөлігі зәулім тұрғын үй кешендерімен, автотранспорт жол торабы арқылы, батысында «Астана арена» спорт кешенімен шектеседі. Оңтүстік бөлік далалы-шалғынды һәм тастақ жазықты жерлерге ұласқан.

Әлемдік жануарлар дүниесінде құстар миграциясы көптеген орнитолог һәм терриофаунадағы тіршілік ететін өкілдерді зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша Қазақстанның Сарыарқа бөлігі, оның ішінде шалғынды-батпақты һәм көлді аймақтар (Теңіз-Қорғалжын, Алакөл, Ертіс бойы сулы аймақтар т.б) жалпы Жер шарындағы құстар миграциясының қиыр солтүстік шекарасы болып табылады. Оған мысал ретінде сонау Африка құрлығынан бірқазандардың Астана қаласынан 100 км жердегі Теңіз-Қорғалжын өлкесіне қоныс аударуы ғалымдар үшін жұмбақ. Қорғалжындағы Ащыкөл мен Тұщыкөл балықтарынан қоректенген олар, қазақ даласында өздерінің балапандарын басып шығарып өсіруді таңдағаны шынында ғажайып құбылыс.

Хан шатыры маңындағы биопарк акваториийі 2010 жылы 6 шілде айында «Хан шатыры» ғимаратының салтанатты ашылуы қарсаңында біздің назарымызға ілікті. Хан шатырының жоғарғы қабатына көтерілу кезінде ашық дала төсіндегі қамысты-құрақты су айдыны өзінің табиғи сұлулығымен ерекше көрініс бергеніне назар аудардық. Осылайша, біз оған «Астана биопаркі» деп атау бердік.

Биопарк шамамен 100 га жерді алып жатыр. Көлдің солтүстігінен оңтүстігіне қарай ені 10-15 м болатын екі жолақты тас жол салынған. Көл жағасына қалалық автотранспорт басқармасы белгілеген №41, №46 автобус маршруты сапар шегеді.

Оңтүстік-шығыс бөлік жазық болып келгендіктен жаңа үй құрылыс кешендерін салуға ыңғайлы екені байқалады. Өйткені, ол жерлерді құрылыс жүргізуге қажетті көпқабатты тұрғын үйлерді салуға арналған бірнеше зәулім крандар мен басқа құрылыс нысандары бар инфраструктуралық кешендер бой көтере бастаған. Қалалық тұрғын-үй басқармасы мен архитектуралық мекемелердің жобалауынша ол жерлерде екі бағытқа созылған бірнеше тұрғын-үй архитектуралық ансамбльдерін салу көзделгенге ұқсайды. Егер аталмыш көлшік маңында тұрғын-үй кешенін салу жөнінде мемлекет тарапынан шешім қабылданған кезде, су алабын құм-таспен толтыру ісі 5-7 күннің ішінде жүзеге асырылатыны белгілі. Нәтижеде, біздер әлемде теңдесі жоқ мегаполис орталығында орналасқан табиғи биопарктен мүлдем қош айтысамыз.

Оңтүстік-шығыстың қиыр солтүстікке қарай жазық жерлер бірте-бірте шалғындық алқапқа ұласқан. Алқаптың көл жиегіне дейін созылған тұстары ұзын-сонар қамыс пен құрақ жамылғысын көркейтіп, аймақтың өсімдік-топырақ жамылғысы мен құстар мен ихтиофауна тіршілігіне аса қажетті гидросфералық акваторий айдынын қалыптастырған. Бұл жер тұрғын-үйлер мен автотранспорт жүретін тас жолдан едәуір қашықтау болғандықтан түрлі құстар (жабайы үйрек, қасқалдақ, көкқұтан, бірқазан, аққу, сарыала қаз, шағала т.б) мен жабайы аңдар мен қосмекенділердің (суыр, қосаяқ, ондатра, сарыбас жылан т.б) қалыпты мекеніне айналған. Көлден оңаша орналасқан топ қамыстың ортасы ұя салуға ыңғайы екені байқалып тұр. Қамыстың төбелері жапырылып, төменгі бөліктеріне суда өсетін түрлі өсімдіктер тамырлары мен сынған ағаш бұталары көмкерілген.

Астана биопаркі акваторийінің гидросфералық жүйесі тұйық шалшық су алабы ретінде көрініс тапқан. Көл суы тұнық. Су қайраңында мөңке, табан балық, ақша балық, итбалық һәм торта балық топтары кездеседі. Судың тұнық болуы шалшық су астындағы грунтты жер асты сулары мен бастаулар қоры арқылы мөлдірленгені көрініп тұр. Оның айқын бір көрінісі көлшік айдынындағы зоопланктондар тіршілігіне аса қажетті түрлі балдырлар тобырының орын тепкені көлшік суының геохимиялық қасиетін көрсетіп, ондағы түршілік дүниесіне қажетті қорек көздерінің мол екенін байқатып тұр.

Көлшік айдынының солтүстік-батыс бөлігі спорт және мәдени-сауықтыру нысанындағы түрлі ғимараттар мен тұрғын-үй алабы орналасқан жақпен шектескен. Бұл жерлерде орналасқан «Астана арена» стадионы мен «Ұлттық ана мен бала» емдеу-сауықтыру орталығы сияқты зәулім ғимараттар тізбегінде биопарк айдыны ерекше жарасымын тауып тұр.

Автотранспорт ұдайы ағылып жатқан жол торабы биопаркті тамашалауға келетін шетелдік туристер мен Астана қонақтарының еркін қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдай туғызып отыр.

Астана биопаркі акваторийінің ең негізгі бөлігі болып табылатын көлшіктің оңтүстік-батыс бөлігіндегі «Хан шатыры» ғимаратының Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқылы салынуы мен оның бұқара халық игілігіне айналуы - түптеп келгенде биопарк акваторийінің әлемде теңдесі жоқ мегаполис орталағында орналасқан табиғи биопарк болып сақталып қалуына бірден-бір себепкер һәм қамқоршы болады деген сенімдеміз.

Ойымызды қорытындылай келе, бұқара халыққа, Астаналықтарға һәм Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа жоғарыда қысқаша баяндалып өткен Астана биопракі акваторийін болашақ ұрпақ игілігі үшін сақтап қалудың аса маңызды екенін айта келе төмендегідей ұсыныс беруді жөн деп санадық:

1. Астана қаласы әлемде теңдесі жоқ мегаполис орталығы. Қала Жер шарының солтүстіктігі суық ауа массасы мен оңтүстіктегі жылы ауа массаларының түйісетін ареалында орналасқандықтан түрлі құстар миграциясының ғаламдық масштабтағы қиыр солтүстік популяцияларының шекарасы болып табылады. Аталмыш заңдылық негізінде «Хан шатыры» жанындағы биопаркті мемлекеттік қорғауға алу жөнінде экологиялық маңызы бар ауқымды шешімдер қабылдану қажет.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш биопарк айдынын сақтап қалуға деген ықыласын білдіруін сұраймыз.

3. Астана мектептері оқушылары мен «Атамекен» балалар ұйымы мүшелерінің бастауымен биопарк айдынын қамқорлыққа алуға бағытталған экологиялық десант шараларын ұйымдастыру. Мектеп оқушыларының ғылыми жобалар сайысында аталмыш биопарктегі экологиялық жағдайлар тақырыбына байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілгені абзад.

4. Қазақстандық және шет елдік эколог ғалымдар мен ұйымдардың назарына аталмыш биопарктың аса ерекше феномендік табиғи құбылысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстар көмегі арқылы нақты ақпарат тарату.

5. Ел қамын ойлап жүрген Т.Әубәкіров, О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, И.Тасмағамбетов, Д.Тұрлыханов, Н.Сабиланов, М.Елеусізов сынды азаматтардың аталмыш іс-шараның жүзеге асуына қызу қолдау көрсетуін сұраймыз.

6. «Астана биопаркі» атты қор құрылып, оған мемлекеттік грант есебінде белгіленген қаржы мөлшерінде көмек көрсету шаралары ҚР Үкіметі және Астана қаласы әкімдігі тарапынан анықталғаны абзал.

7. Биопарк айдынын арнайы қошауға алып, оның табиғи реликтілік қасиетін сақтай отырып, шет ел туристері мен Астана қонақтарының саяхат жасауларына мемлекет тарапынан қажетті шараларды қарастырған абзал.

Ү. ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу тақырыбының таңдалып алынуы аталмыш ортағасырлық қала-шаһар жөнінде осы уақытқа дейін көлемді зерделеу жұмысының жүргізілмей келгендігі болып табылды. Қолға түскен тарихи құжаттар мен деректер негізінде баяндаған жұмыстарымыз бойынша төмендегідей тұжырым жасадық:

- Көлшік жөнінде жинақталған материалдарды ауқымды ғылыми-зерттеу объектісінеайналдыру;

- Бүкілқазақстандың «Атамекен» бағдарламасының «Заманай-Экология» бағыты бойынша кешенді тәлім-тәрбиелік, ғылыми-шығармашылық, этномәдени-өлкетану жұмыстарын жүргізу; ойын-сайыстар, танымдық сабақтар, дебаттық пікірталастар ұйымдастыру;

- Аймақтың ҚР ҰҒА мен мемлекеттік экологиялық картасына енуі қажет деп санаймыз;

- Мектептердегі жаратылыстану пәндерін оқытуға қосымша материал ретінде «Астана биопаркі» атты факультативтік сабақ ұйымдастыру;

- Эколог ғалымдардың қатысуымен «Мегаполис һәм биопарк » атты ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

- Мекенді сақтап қалу мақсатында арнайы қор құру, мемлекет тарапынан қолдау шараларын қарастыру;

- Биопарк акваторийі орналасқан территорияға арнайы статус беріп, мемлекет қарауына беру;

- Қаланың кешенді картасын, ортағасырлық қалалар үлгісіндегі макетін жасау; көрмелер ұйымдастыру;

- Қала жұртына мектеп оқушыларының тобынан құрылған ғылыми-шығармашылық жорықтар һәм экскурсиялар ұйымдастыру;

- Астана қаласы әлемде теңдесі жоқ мегаполис орталығы. Қала Жер шарының солтүстіктігі суық ауа массасы мен оңтүстіктегі жылы ауа массаларының түйісетін ареалында орналасқандықтан түрлі құстар миграциясының ғаламдық масштабтағы қиыр солтүстік популяцияларының шекарасы болып табылады.

- Аталмыш заңдылық негізінде «Хан шатыры» жанындағы биопаркті мемлекеттік қорғауға алу жөнінде экологиялық маңызы бар ауқымды шешімдер қабылдану қажет.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш биопарк айдынын сақтап қалуға деген ықыласын білдіруін сұраймыз.

- Астана мектептері оқушылары мен «Атамекен» балалар ұйымы мүшелерінің бастауымен биопарк айдынын қамқорлыққа алуға бағытталған экологиялық десант шараларын ұйымдастыру. Мектеп оқушыларының ғылыми жобалар сайысында аталмыш биопарктегі экологиялық жағдайлар тақырыбына байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілгені абзад.

- Қазақстандық және шет елдік эколог ғалымдар мен ұйымдардың назарына аталмыш биопарктың аса ерекше феномендік табиғи құбылысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстар көмегі арқылы нақты ақпарат тарату.

- Ел қамын ойлап жүрген Т.Әубәкіров, О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, И.Тасмағамбетов, Д.Тұрлыханов, Н.Сабиланов, М.Елеусізов сынды азаматтардың аталмыш іс-шараның жүзеге асуына қызу қолдау көрсетуін сұраймыз.

- «Астана биопаркі» атты қор құрылып, оған мемлекеттік грант есебінде белгіленген қаржы мөлшерінде көмек көрсету шаралары ҚР Үкіметі және Астана қаласы әкімдігі тарапынан анықталғаны абзал.

- Биопарк айдынын арнайы қошауға алып, оның табиғи реликтілік қасиетін сақтай отырып, шет ел туристері мен Астана қонақтарының саяхат жасауларына мемлекет тарапынан қажетті шараларды қарастырған абзал.

ҮІ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мемлекеттiк “Мәдени мұра” бағдарламасы, Егемен Қазақстан, №311-312, 29.11.2003, №184-188, 16.08.2005.

2. Құрсабаев М.Қ. Астана биопаркі акваторийі туралы деректер. Интернет ресурс: http:// rahim5.mylivepage.ru

3. Назарбаев Н.Ә,- Қазақстан – 2030. Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы, А: Бiлiм,1998, 90 б.

4. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, № 52, 2 наурыз 2006 жыл

5. Байпаков К.М.,Ерзакович Л.Б., Древние города Казахстана, А.,1971

6. Құрсабаев М.Қ. Қазақ-нама. Шығармалар жинағы, Астана.- 550 б. 2008 жыл.

7. Казахская ССР: Кр.энциклопедия в 4-х т. // Гл. Ред. Р.Н.Нургалиев, Т.,2608 стр., А., 1988.

8. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия // Бас ред. Б.Аяған.- А: ҚЭ, 2003.- 720 бет

9. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том.-А: Атамұра, 1996.-544 бет

10.Сюань-Цзян. Исторические записки, Пекин, 1970

11.Археологическая карта Казахстана. А.1960

12.Маргулан А.Х.,Акишев К.А.,Кадырбаев М.К.,Оразбаев А.М., Древняя культура Центрального Казахстана.А:1966

13. Чернова Н., Құрсабаев М.Қ., Қисымова А. Экология. 10-сынып, Алматы, Таймас, 2008

14. Экологическая карта Казахстана,А, 2008

15. Акмола. Энциклопедия, А: Атамұра.- 1998

ҮІІ. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Mr_Kursabaev
2 сентября 2013, 15:09
1463

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Надеюсь команда "Как развивать туризм в Казахстане" поможет мне. Как известно 31.08.2013 в 17.30 по каналу 24.KZ показали об уникальном озере возле Ханшатыр. Журналисты не зная или игнорируя мою идею всем охотно распространяли материал, что ученый из Германии Цупер (совместно с фондом биоразнобразие из Астаны) единственный человек который занимается с проблемой озера.
Мы с 2010 года совместно со студентами и школьниками города давно ведем исселедовательскую работу. В связи с этим публикуем полный текст нашего материала. Профессор Мухамедрахим Курсабаев, 8-778-324-78-61, kursabaev1961@mail.ru

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8512
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2957
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3102
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2543
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2408
  • 9
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 1987
  • 17
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2154
  • 15
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 1978
  • 29