Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:44, 06 сентября 2013

6 шы кун

6-шы күн
Бүгін біз үшін керемет күн.Біз бүгін Ерейментау қалашығына бардық.Ол жерде ең бірінші Ерейментау қаласындағы музейге бардық. Ол жерде қаланың құндылықтарымен танысып,ол жердің фаунасы мен флорасын көрдік.Сол жерден шыққан хас батырлармен таныстық.Сол хас батырлардың бірі Қанжығалы Бөгенбай.Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.
Осындай батырымыздың 7ші ұрпағын көру біз үшін бақыт болды.Біз оның дулығасының тіп нұсқасын көрдік.Мұндай көп мәліметтерге қанығып қонақ үйге бардық.
Бұл күні бізмәз мейрам болдық.

0
304
0