Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:28, 30 августа 2013

КОНСТИТУЦИЯ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ!

30 тамыз Конституцияның қабылданған күні! Осы атаулы мерекеге байланысты Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының Алматы қалалық комитеті Абай алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Конституция тәуелсіздігіміздің тірегі» атты акция өткізілді.

Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 18 жыл толып отыр, әрі бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Алматы қалалық комитеті акция барысында:

* Конституция кітапшасын таратылды;

* Конституция мазмұнымен таныстырады;

* Бөлімдері мен баптарын есте оңай сақтаудың әдістерін көрсетілді;

* Сіз Конституцияны білесіз бе? атты блиц-сауал өткізкізілді.

Сондай-ақ бұл акция партияның жаңа маусымда белсенді жұмысқа кірісер алдындағы шараларының бастауы. Құлақ қағыс, қыркүйек айының екінші жұлдызынан бастап партия кезекті қоғамдық қабылдау жұмысын бастайды.

Blog post image

 

Байланыс телефондары: : ҚКХП Алматы қалалық комитеті, Жибек Жолы көшесі 50, Зенкова қиылысы , «Квартал»бизнес-центрі,600 офис. Тел: 333-45-90, 33-45-91, 333-45-92, 8 702 947 59 32


0
385
0