Конституция күні мерекесіне орай Шымкентте шағын футболдан жарыс өтуде

Kazsport agent 2013 M08 30
211
0
0
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдары арасында Конституция күніне арналған шағын футболдан жарыс басталды. Жарысқа «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер альянсы, «Жасыл...


Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдары арасында Конституция күніне арналған шағын футболдан жарыс басталды. Жарысқа «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер альянсы, «Жасыл ел» студенттер отряды, «Жастар шыңы» «Көңілді тапқырлар» клубы, «13 Легион» және т.б., барлығы 16 команда қатысуда. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараның ашылу салтанатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Абзал Әліқұлов жарысқа қатысушы ұжымдарды еліміздің басты мерекелерінің бірі Конституция күнімен құттықтады. «Ата заңымыз — айбынымыз. Конституция күні — мемлекеттік мереке. Жастар қасиетті күннің қадірін білулері керек. Өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болуы, бірлігімізге, берекелігімізге байланысты. Бірлігіміздің, теңдігіміздің кепілі — Ата заңымыз. Барлықтарыңызды мемлекеттік мерекемен құттықтаймын. Бүгінгі футболға қатысушы командаларға сәттілік тілеймін. Жастардың спортты серік еткені қуанышты. Жеңісті күндер көп болсын» — деді Абзал Шымкентбайұлы.

Конституция күніне арналған шағын футболдан жарысты облыстық «Жас Отан» жастар қанаты мен облыстық белсенді жастар ұйымдары бірлесіп ұйымдастырып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 

Оцените пост

0