Тікелей эфир

Somerset Karine: «Халыққа интеллектуалды дизайн ұсынып таңдандыру керек»

Сұхбаттың бірінші бөлімі мына жерде.

Жас та болса, өзінің стилі мен талғамын көрсете білген дизайнер Somerset Karine-мен болған сұхбаттың екінші бөлімінен Кариннің жаңа жобалары жайлы, сүйікті дизайнерлері мен кітаптары қандай екенін және ең басты арманын біле аласыздар.

Карин, екінші топтамаңды жасау ойыңда бар ма?

- Жалпы бірінші көрсетілімге дейін мен екінші топтамам жайлы ойлай бастадым. Оның жалпы құрылымын, эскиздерін сызып қойғанмын. Алғашқы топтамамды Еуропада тіктірсем, енді Алматыдан да тігіншілермен жұмыс істегім келеді. Ол өте қиын. Өйткені менің көйлектерімді көрген тігіншілер оның еуропалық стандартты, жоғары деңгейді талап ететінін біледі. Әдетте тігілген киімдер көрініп тұрады, ал жоғары деңгей дегеніміз әрбір тігіннің солай болу керектігі көрсетіп тұру керек. Мен өзім де құрылымын жасап, тігетіндігімнен, тігіншілерге оны жақсы түсіндре аламын деп ойлаймын. Сол себепті Алматыдан тігіншілер іздеймін.

Екінші топтамаң да demi couture мен haute couture бола ма?

- Иә, әрине. Өйткені басқасы маған қызық емес. Прет а порте күнделікті киетін киімдер. Олар қарапайым құрылады. Ал маған күрделі формалар, терең құрастырулар ұнайды. Бір айырмашылығы екінші топтамамда 12-15 киім үлгілері болады. Өйткені алғашқы топтаманы көргендердің барлығы: «тағы да бар ма?» деп сұрай берген (күліп).

Жалпы киім жасау процессі қалай өтеді?

- Алдымен барлығын сурет қылып салып шығамын да, сызба үлгілерін жасаймын. Одан кейін қағаздан макет жасап, дәл көйлектің үлгісін аламын. Түзетулер, толықтырулар енгіземін. Басты макетім дайын болмағанша, көйлегімді бірде-бір тігіншіге бермеймін. Алғашқы топтамамда, мысалы, тігіншілермен бірге тіккенмін. Өйткені олардың менің не жасағым келетінін түсінгеніне көз жеткізуім керек болды.

Қазірде қандай жобаны іске асырып жатырсың?

- Мен Алматыда дизайн бюросын ашқым келеді. Өйткені адамдар менің портфолиомды көріп, қайда жұмыс істейтінімді білген кезде маған киім де, жиһаз үлгілерін де, люстраларға да тапсырыс бере бастады. Әрине, оның барлығына мен үлгіре алмаймын, сол себепті командаң болу керек. Қазірде сол командамды жинау үстіндемін. Екі-үш адам тауып қойдым. Ең қиыны - ол жақсы кадр табу. Мысалы, адам жақсы сурет салып, керемет эскиздер жасауы мүмкін. Бірақ оның салатынының бәрі де 30 жыл бойы салынып келе жатқан дүниелер. Жаңа бір нәрсе ойлап таба алмайды. Ол маған қызық емес.

Ал Алматыда жасалған ең қызықты ұсыныстар қандай болды?

- Маған жақында дизайн жайлы лекциялар оқуға ұсыныс жасалды. Қыркүйектен бастап Киев Институтының филиалында, Жүргенов атындағы Өнер академиясында лекциялар оқуым мүмкін. Ол маған өте қызық. Өз білгеніммен бөліскім келеді. Ең бастысы, студенттерге интернеттен алған дайын нәрсеге жүгіруге болмайтынын түсіндіруші едім. Өйткені халық ақымақ емес, бәрі де әлеуметтік желіге, интернетке кіре алады. Сол себепті оларға жаңа нәрсе ұсынып, таңдандыра білу керек. Таңдандыру дегенде де эпатаж жасау емес, интеллектуалды дизайн ұсынып таңдандыру.

Саған күнделікті өмірде не шабыт береді? Өзіңді қалай белгілі бір тәртіпте ұстайсың?

- Маған айналамдағы адамдар шабыт береді. Олардың өткендері, жеткен жетістіктері, жалпы адамзаттың ой-өрісі сарқылмас фактор. Кейде адамдардың бүгін шабытым жоқ жұмыс істей алмаймын дегендерімен келісе алмаймын. Бірде-бір кәсіби дизайнер олай айтпайды. Шабытың жоқ па, кітапханаға бар да бес сағат бойы кітаптар ақтар, шабытың міндетті түрде келеді. Тәртіп дегенде менің мектебім, университетімде өте қатты тәртіп, дисциплина болды. Сол мені үйретіп тастады. Әрине ең басты қалауың болу керек. Егер жұмыс істегің келмесе, сенің орныңа оны басқа да жүз адам келіп істейді. Ал сен тәжірибе, мезетіңді, сәтіңді жіберіп алуың мүмкін.

Күн тәртібің қандай?

- Таңғы 4-5-терде ұйықтаймын. Өйткені түнде жұмыс істегенді ұнатамын. Одан соң Франциямен 5 сағат айырмашылық бар. Ал күндіз адамдармен кездесемін. Міндетті түрде достарыма, жақындарыма уақыт бөлемін. Өйткені жұмыс әрине күшті, бірақ адамдармен қарым-қатынас деген одан да бағалы дүние. Бір жоғалған достықты қайта өрбіту қиын. Жеті жыл бойы екі қала арасында жүрсем де, Алматыда сол баяғы достарымның қалғаны, олармен жақын ара-қатынасымыздың үзілмегені қуантады. Ол үшін оларға алғысым шексіз.

Өзің қандай стильде киінесің? Қандай дизайнерлерді ұнатасың?

- Peter Pilotto, Lanvin, Givenchy, Maison Martin Margiela, жас дизайнерлерден Holly Fulton. Ал өз стилімді мен эклектикалық деп айтар едім. Өйткені жалпы маған өте қарапайым нәрселер ұнамайды. Мысалы күнделікті өмірде жай ғана майка мен джинсы кимеймін. Ең басты киім кигенде өзіңді ыңғайлы сезінуің керек.

«Сұлулықты» қалай түсінесің? Сенің көйлектеріңді киетін қыз-келіншектер қандай?

- Сұлулық тек қана эстетикалық түр-әлпетің емес, өмір сүру стилің, айналаңдағы адамдар дер едім. Мәтін, сөздерде сұлулық бар. Ал менің көйлектерім ерекше көрінгісі келетін қыздар үшін. Олар сән, трендтерді қумайды, жалпы стиль, дизайнды түсінеді. Көйлек деген оның сұлулығын арттыратын ғана нәрсе. Көйлек қызды емес, қыз көйлекті киіп, одан сайын жанданғанын қалаймын. Әдетте менің клиенттерім 18-40 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Әрқайсысында көйлек әрқалай тұрады. Олар киіп көруге келер кезде мен де шоурумға келіп олармен сөйлесуді ұнатамын.

Бір қызығы олардың бәрі де мені қазақстандық дизайнер емес, Парижден келген қыз деп ойлайды. Бір түрлі оған кейде ренжимін де, өйткені мен қазақпын, Қазақстанда туылдым, мектепте оқыдым. Парижге де Алматыда қалыптасқан көзқарасыммен, дүниетанымыммен келдім. Сол себепі менің көйлектерімде 100% қазақ рухы сезіледі деп ойлаймын. Мен ешқашанда бұл еуропалық сән деп айтпас едім. Әрине көйлектерді Еуропада тіктім, Еуропада жұмыс істедім, бірақ менің өзім қазақ болып қала берем ғой.

Маған неге Қазақстанға қайтып келдің деген сұрақтарды жиі қояды. Оған жауабым: мені түбінде Қазақстанға келіп, білгеніңді осында көрсетуің керек, еңбегіңді туған жеріңде жасауың керек деп тәрбиеледі. Әрине мен Парижде тұрып, сонда жұмыс істеп өмір сүруіме болады. Бірақ одан Қазақстанда ештеңе өзгермейді. Сол себепті мен осында бір жобаларды жасағым келеді. Әлемдік деңгейді көрсетіп, әлемдік сән әлемінің бөлігі болғанымызды қалаймын. Бұл тұрғыда мені Украина мысалы қатты қызықтырады. Қысқа уақыттың ішінде оларға «Мерседес Бенц көрсетілімі» келді, «Харперс Базаар» сияқты журналдар өз филиалдарын ашуда. Мысалы, бізге «Vogue» келіп ашылғанымен, көп нәрсе өзгермейді. Өйткені бізде әлі жалпы сән мәдениеті дамымаған. Ал осындай жаңа топтамалар жасап, қызықты жобалар арқылы біз бірте-бірте сол мәдениетті қалыптастырамыз.

Қазақстанда көптеген жас дизайнерлер киім үлгілерін жасап жатады. Бірақ киім жасау бөлек те, оны жарқыратып көрсету бөлек. Сен мысалы, көрсетілім жасағаныңда қандай құралдарды пайдаландың?

- Бірден айта кетейін, менің пиарщиктерім жоқ. Жалпы дизайнерге ол аса қажет емес деп ойлаймын. Ең бастысы, командаң болу керек. Одан кейін адекватты түрде сенің топтамаң қай жылғы екенін анықтауың керек. Егер ол өткен жылғы болса, оны көрсетудің мәні бар ма? Киімдерің өте әдемі болғанымен, ол 2003 жылғы сән болса, ол ешкімге де керек болмайды. Уақыт талабымен, одан ары уақытты бір маусымға озып отыру керек. Ал оны үйрену үшін трендтермен жұмыс істей білу керек. Оның  бәрі күрделі әрине, көп оқуды, үйренуді талап етеді. Мысалы, Еуропа, Америкада 300 адамнан құралатын түгелдей ұйымдар сәнде болатын трендтер жасап отырады, қазіргі сән мен маркетинг, нарық анализін жасайды, не қызық болатынын есептеп отырады. Оның барлығы оңай жүйе емес.

Содан соң көрсетілім жасау үшін өз киім топтамаңа жүз пайыз сенімді болуың керек. Тек достарыңнан емес, білетін адамдардан пікір сұрап, жалпы адамдардың қызығушылығы бар-жоқтығын анықтау керек. Егер барлық кезеңдерде сенімді болып шықсаң, өз презентацияңды жасап, нақты кім екеніңді, не жеткізгің келетінін жазып шығуың керек. Демеушілерге не үшін сенімен жұмыс істеуі керектігін түсіндіре білуің керек. Мен мысалы, дәл сол сауатты жасалған презентациямның арқасында демеушілерді тарттым. Нақты не керегін шын айту керек. Сұрап-жалбарыну емес. Мысалы, «Carte Noire» басында менімен келіспеді. Бірақ көрсетілімнен кейін маған келіп: «Келесіде сіздің кез келген көрсетіліміңізге демеуші боламыз» деді (күліп).

Кітап оқуды жақсы көреді екенсің. Сүйікті кітаптарың туралы айтып берсең?

- Менің сүйікті авторларым бар. Қазірдегі дизайнерлік атым да Сомерсет Карин жайдан жай алынған емес. Сомерсет Моэм - менің сүйікті жазушым. Оның «Нәтиже шығара» («Подводя итоги») -  ең сүйікті кітабым. Мені өзгерткен кітап десем де болады. Өйткені дәл сол уақытта мен Парижге көшіп келгенмін. Ал Моэм де бір уақыттары Парижде тұрған. Ол айтқан жерлерге барып, сол кітаппен бірге Парижді тани бастадым. Кітаптағы кейбір жерлер менің өз өміріме ұқсас болды. Оның барлық кітаптарын оқып, жиі қайталап тұрамын. Одан кейін түрлі авторлар: Оскар Уайльд, Линор Горалик, Татьяна Толстая, Набоковтарды жақсы көремін. Жас жазушылардан - Вера Полозкова, өте әдемі, сарказммен жазады. Маған жалпы ирония, сарказммен жазылған кітаптар ұнайды. Әйелдерге арналған романдарды ұнатпаймын.

Ең бастысы, әр автор жеке бір идеясын, стилін қалыптастырған. Сонысымен қызықты. Өйткені дизайнерлікте де әр дизайнер өз стилін іздеумен болады.

Парижде әр бейсенбі сайын Помпиду Орталығындағы кітапханаға барып, 5-8 сағат бойы кітаптарды ақтарумен боламын. Көркем әдебиет қана емес, жай ғана энциклопедия немесе химия, физика кітаптарын оқи беремін. Оның барлығы белгілі бір жобаға өз септігін тигізеді.

Келер бес жылда өз өміріңді қалай елестетесің? Қандай армандарың бар?

- Қазіргідей екі қалада тұратын шығармын. Өйткені Парижде мен жұмыс істеймін, үлкен тәжірибе жинаймын. Ал Алматыда жинаған тәжірибемді көрсете аламын, жаңа нәрселер жасап шығара аламын. Ал басты арманым ол әрине жақын арада емес, он жылдан кейін болатын шығар: Қазақстанда менің Францияда оқыған университетім деңгейінде жоғары оқу орны ашылса. Ол менің нақты мақсатым, өйткені мен өзім оқыған мұғалімдерімді, дизайнер достарымды, бірге жұмыс істеген дизайнерлерді Қазақстанға әкеле аламын. Олар лекция оқып, жобалар ұсынып, Алматыда бір айдан көбірек тұратындарына сенімдімін. Оның барлығын жүзеге асыруға болады. Оған тек максималды түрде дайындалу керек.

Қазір 24-тесің. Тұрмысқа шығу мақсатыңда жоқ па?

- Иә, қазіргі жасым маған өте ұнайды. Бірақ Қазақстанда тұрмысқа шығу әңгімелері осы жаста ұлғая бастайды. Менің ойымша, отбасы құру үшін алдымен тұрақтылық болу керек, кем дегенде бір қалада тұруың керек. Мен ертең балаларымның өз аналарын мақтан тұтса деймін, оларға әдетте үйде отыратын ана ретінде емес, белгілі бір жетістікке жеткен ана ретінде көп нәрсе үйрете алғым келеді.

Cұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
30 тамыз 2013, 14:54
5847

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Shpak
0
0
Парижде ұлтан болғанша, Алматыда султан болам деп, сол оймен Қазақстанға қайтып келді деп ойлаймын.
Париждық бәсекесын көтере алмады.
Шетелде іс жетістікке қол жеткендер қайтып келмейді. Өнер болсын, спорт болсы, мәдениет болсын...
ппц страшная. Видать папа богатый в модели засунул.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3555
  • 57
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3303
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3030
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2672
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2304
  • 18
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
сегодня / 10:18
  • 1620
  • 7
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1764
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1726
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1769
  • 49