Көрермэн 2013 M08 29
2347
0
3
0

Жаңалықтар: есіктен - эфирге дейін.

Гүлназ Әлімгерей

Гүлназ Әлімгерей, аға редактор-жүргізуші, "Миссис Қазақстан - 2010"

- Көрермен тұрғысынан айтсам, біздер жаңсақ сөздер, пәс кадрлар үшін түбінде кім кінәлі екеніне бас ауыртпаймыз. Біздер дикторға нұсқап, "кінәлі осы!" дейміз. Оған хақымыз бар ма?

- Қазіргі диктордың қызметі советтік диктордан тіпті бөлек. Бұрынғы дәстүрде алдыңа әкеп берген қағазды дәл оқып берсең жеткілікті болатын. Ал қазіргі диктор - сонымен бірге редактор да. Сөйлеп отырып түзеп кетуге толық құқы бар. Ендеше, тілшілер мен басқа да қызметкерлер аузыма шайнап салып бергенді жеткізе алмасам - кінә менен. Бірақ адамға тән табиғи құбылыстардың (жөтелу, жөткіріну, тұтығу) эфирде орын алғаны қазіргі форматқа жат емес. Көрерменде шынайылық сезімі қалыптасады.

Шикі ақпаратты алғашқы өңдеушілер. Мына жер - "Апта" бағдарламасының қосыны

Шикі ақпаратты алғашқы өңдеушілер. Мына жер - "Апта" бағдарламасының қосыны

- Дауыс өте нәзік қасиет сияқты ғой. Ауырып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан болашақта даусымнан айрыла қалсам деп, тағы бір мамандықты игеру ойыңызда жоқ па? Кім біліпті?

- Бұл - өмір ғой. Ендеше барлығы да болуы мүмкін. Адам бірдеңеден қорқып-қорынып жүрсе, ол болады да қояды. Ал мен бір нәрсені ойлап, шүйлігіп қалмаймын. Тек алға жылжу, үнемі жетілу болса, ешқандай қорқыныш жоқ.

Мессенджерлерді - тірі әңгіме ауыстыратын шақтар

Мессенджерлерді тірі әңгіме ауыстыратын шақтар

- Шикі жұмыртқа ішеді дей ме әйтеуір, бірдеңе жейді дей ме, былайғы жұрт дикторларды өз дауыстарын мыстан кемпірдің көжесіне бергісіз рецепттермен дайындалған қойыртпақтармен баптайды дейді. Сол рас па? Дикторлар үшін тіпті - фармацевтикалық шешімдер бар шығар?

- Жоқ. Дауыс ырғағы да, мәнерлеп сөйлеу де ең алдымен тәжірибемен келеді. Мен мысалы, салқынды да, ыстықты да, ащыны да, тәттіні де жей беремін. Ұстамдылық, тап сол уақытта динамиканы жеткізу; елге қуанышты хабарды жадырап айту - барлығы да тек тәжірибемен келеді. Және тек тәжірибемен, ұдайы жетілумен сақталмақ.

Уақыт жақындаған сайын...

Уақыт жақындаған сайын...

 

...отырғандардан - тұрғандар көбейеді.

...отырғандардан - тұрғандар көбейеді.

- Жаңылтпаш айтып жаттығатындарыңыз рас па?
- Үнемі емес енді, бірақ олай жаттығып тұрамын. Дауысты ашу үшін ән де саламын. Айтпақшы, Интернетке менің эфир алдында ән салып, сергіп жатқанымды салып жіберіпті.  "Менің Қазақстанымды" айтып отыр екем:

- Айтудан қашатын, икемдей алмай-ақ қойған, үнемі тұтықтыратын сөздеріңіз, терминдеріңіз бар ма?

- Болады әрине. Бірақ мен ол тығырықтан былай шығамын. Қазақ тілі өте бай. Ендеше "аварияға" түсіруі мүмкін сөздің орнына синонимін айтып жіберемін.

Бой түзету

Бой түзету

 

Теледидармен сөйлесе алатын кәсіби "көрермендер"

Теледидармен "сөйлесе" алатын кәсіби "көрермендер" :-)

- "Мектепті жөндеуге 300 млрд(!) теңге бөлінді" деп қалып жатады дикторлар. Немесе, "Австралияның астанасы Венада" дегенді де естідік. Сіз тікелей эфирде мәтін оқып отырғанда осындай ақылға қонымсыз тұжырымдарды байқап қалсаңыз, түзетіп айтуға хақыңыз бар ма?

- Әрине! Ондай қателер көбіне автоматизм деңгейінде кетеді. Ең сауатты әрі байқампаз адамның да қателеспеуіне кепілдік жоқ. Сондықтан да мен - тікелей эфирде импровизацияға еркі бар редактор-жүргізушімін.

Қолға да, түймелерге де маза жоқ

Қолға да, түймелерге де маза жоқ

- Қайғылы оқиғаларды хабарлағанда ұстамдылық көрсету қиын ба?

- Қиын. Жетімдер жылап тұратын сюжеттер бар. Отағасынан айрылған отбасының аңырағанын көрсету керек болады. Ондайда мейлінше жиналып, ұстамды боламын. Түрімнің бұзылғанын, көңілімнің түсіп кеткенін көбіне жақындарым, таныстарым байқап, кейін айтып жатады.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Оцените пост

3