Қаржы полициясы Су ресурстары комитеті төрағасының бұрыңғы орынбасарын ұстады

Финансовая полиция August 29, 2013
247
0
0
0

2013 жылғы 28 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарын Арман Қумашевты ұстады.

2013 жылғы 28 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарын Арман Қумашевты ұстады.

Оған Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары бола тұра, Сәтбаев атындағы канал үшін сатып алынып отырған гидрокүштік жабдықтың бағасын көтермелеу жолымен 1,2 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдік тағылуда.

Бұдан басқа, Құмашев Сәтбаев атындағы каналдың қайта құруға бөлінген 6,6 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлауға оқталды деген күдік бар.

Қаржы полициясы органдарының араласуының арқасында аталған бюджет қаражатын ұрлауға жол берілмеді.

Оған қоса, Қумашев бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған мақсатына жету үшін өз қызметттік уәкілеттігін теріс және асыра пайдаланып, қызметтік жалғандық жасаған деп күдіктенуде.

28 тамызда соңғыға қатысты жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

   

Оцените пост

0