Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:26, 29 августа 2013

«Селтик» — «Шахтер» 3:0.

«Селтик» - «Шахтер»

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің ақтық сынында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда Шотландия чемпионы «Селтикке» 0:3 есебімен жол берді. Сөйтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне берілетін жолдама «Селтиктің» қанжығасына байланды.

Бірінші тайм 1:0 есебімен шотландықтардың пайдасына аяқталды. Доптың авторы — Крис Коммонс. Үзілістен кейін Г. Самарас есепті еселеп, екі матч қорытындысы бойынша командалардың мүмкіндіктерін теңестірді. Матч аяқталуға санаулы минуттар қалғанда, жанкүйерлер қосымша жарты сағат футбол тамашалауға дайындалып жатқанда Форест «Селтик» сапындағы үшінші допты соғып, кәрі құрлықтың басты турнирінің келесі кезеңіне жолдаманы жұлып алды. Ал Еуропа лигасына өткен қарағандылықтар өз тарихында және жалпы еліміздің тарихында тұңғыш рет желтоқсанға дейін еурокубоктарда доп тебетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын «Астана-Аренада» өткен алғашқы матч 2:0 есебімен қарағандылықтардың пайдасына аяқталған болатын. «Шахтер» сапынан Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко көзге түсті. Қос матч қорытындысы бойынша 2:3 есебімен ұтылған «Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Жұма күні жеребе тарту рәсімінде қарағандылықтардың қарсыластары анықталады. Айта кетейік, бұл қазақстандық командалардың еурокубоктардың топтық кезеңіне алғаш шығуы.

«Селтик» (Глазго, Шотландия) — «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) 3:0 (1:0)
Голдар: Коммонс 45 (1:0), Самарас 48 (2:0), Форрест 90 (3:0)
Ескертулер: Лэдли 68 — Симчевич 18, Каньяс 36, Вичюс 40, Зенькович 85
«Селтик»: Форстер, Мэтьюз, Эмброуз, Малгрю, Лустиг, Браун, Коммонс (Бурригтер 79), Лэдли, Самарас, Стоукс, Форрест (ван Дейк 90)
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 83), Хижниченко
Бас төреші: Свейн Моэн (Норвегия)
28 тамыз. Глазго. «Селтик Парк».
Алғашқы матч: 0:2.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
250
0