Петропавл спортшылары есту қабілеті нашар мүгедектер арасында жағажай футболынан халықаралық жарыста жеңіске жетті

Kazsport agent 2013 M08 29
210
0
0
0

Петропавлдық құлағы нашар еститін футболшылар Ыстықкөл көліне жақын жердегі Бостери курорттық кентінде өткен жағажай футболынан халықаралық жарыста жеңіске жетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт...


жағажай футболы

Петропавлдық құлағы нашар еститін футболшылар Ыстықкөл көліне жақын жердегі Бостери курорттық кентінде өткен жағажай футболынан халықаралық жарыста жеңіске жетті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, медальға алты команда таласқан. Олар: Бішкек қаласынан екі, Қарағанды, Астана, Алматы және Петропавл қалаларының әрқайсысынан бір-бір командадан.

Солтүстік Қазақстандықтар командасы Астана, Алматы, жастар командасын және Бішкек командаларының негізгі құрамдарын жеңіп, Қарағанды футболшыларымен тең түсті.

СҚО құрамасының құрамында барлық алаң ойыншылары гол соқты. Қақпаға ең көп доп салушы қарсыластарының қақпасына бес рет доп салған Евгений Гриднев болды.

Осы жылы Петропавлда көптеген мүгедек спортшылар, соның ішінде құлағы нашар еститін футболшылардың бастарына пана, жандарына сая болған «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған клубы құрылды.

Клуб ашылғалы олар бірінші рет халықааралық жарысқа шығып тұр.

 

ПЕТРОПАВЛ.  ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0
Дальше