Оралда теннис корты да, жабық футбол манежі де салынатын болады — Н.Ноғаев, БҚО әкімі

Kazsport agent August 29, 2013
191
0
0
0

Оралда теннис корты да, жабық футбол манежі де салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін баспасөз мәслихатында ҚазАқпарат тілшісіне мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, Елбасы...

облыс әкімі Нұрлан Ноғаев

Оралда теннис корты да, жабық футбол манежі де салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін баспасөз мәслихатында ҚазАқпарат тілшісіне мәлім етті.

Облыс басшысының айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес халықтың денсаулығын нығайту үшін әркімнің де спортпен, дене шынықтырумен айналысуы аса маңызды. Әсіресе, жасөспірімдер келеңсіз қылықтардан аулақ болуы үшін олар баратын спорт кешендері, алаңдары тұрақты жұмыс жасауы қажет. «Тәні саудың жаны сау» дегендей, жастар неғұрлым спортпен көбірек айналысса, табыс та мол болмақ. Бұған батысқазақстандық спортшылардың халықаралық, республикалық бәсекелердегі жоғары жетістіктері дәлел. «Орал қаласында халықаралық стандартқа сай келетін теннис корты төңірегінде «оған тек қалталы адамдар ғана бара алады» деген сықылды әңгімелер болды. Ол олай емес. Біздің жас жеткіншектеріміз спортта жақсы нәтижеге жету үшін соған сай орын керек. Сол секілді жабық футбол манежі болса, аяқдоп шеберлері сонда қысы-жазы жаттыға алар еді. Сондықтан мұндай спорт нысандары бой көтеретін болады», — деді әкім.

 
ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0